Түс ауа жұмыс істеу қабілетінің төмендеу себебі анықталды

Түс ауа жұмыс істеу қабілетінің төмендеу себебі анықталды

Ғалымдар бірінші рет көмірқышқыл газы мен жұмысқа деген ынтаның болмауы арасында үлкен байланыс бар екенін анықтады.

Америкалық зерттеушілердің анықтауы бойынша, кеңсе ішіндегі көмірқышқыл газының жоғары деңгейде болуы концентрация мен белгілі бір деңгейде шешімге бару қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Бұл дегеніміз, түс ауа көптеген жұмысшылардың дел-сал күйге түсетінінен хабар беретіндей. Жабық кеңістіктегі көмірқышқыл диоксидін тарататын негізгі көз – адамдар. Айта кететін болсақ, ашық кеңістіктегі аталған газдың концентратциясы миллионға 380 бөліктей болса, өз кезегінде жабық кеңістік ішіндегі концентратцияның деңгейі бірнеше мыңға жетіп қалуы неғайбыл.  

Көмірқышқыл газының үлкен бөлігінің шоғырлануы желдеткіш пен құбыр желісіне тікелей байланысты. Әрине, кеңседегі жұмысшылардың көп бөлігі шоғырланатынын ескерсек, онда көмірқышқыл газы туралы айтудың өзі де артығырақ шығар. (Жиналыстағы белсенділікті де бұл қатарға қосамыз). Ең бастысы, көмірқышқыл газы денсаулыққа зиян болмағанмен, адамның ойлау жүйесі мен шешім қабылдауына әсер етеді.

Бәрін айт та бірін айт, зерттеушілердің өзі де көмірқышқыл газы мен жұмысқа деген белсенділіктің арасында байланыс барына таң-тамаша қалып отыр. Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін газдың адам ағзасына зияны болмағандықтан, жаман жақтары жоққа шығарылып келген болатын. Енді бәрі де түбегейлі өзгермек...

сурет:news.uklon.com.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига