«Ел тұлғасын» бірге анықтайық!

«Ел тұлғасын» бірге анықтайық!

Сіз де 20let.kz сайты және ұялы телефоннан арнайы кодпен смс жазу арқылы дауыс бере аласыз! Ал үміткердің смс-кодын «Панорама», «Наша жизнь» апталық газеттерінен табуға болады.

Иә, тәуелсіздігіне жиырма жыл толып, бөркін аспанға атқан жасампаз елдің кешегісі мен бүгінгісі, одан қалды ертеңгісіне де өз үлесін қосқан ел тұлғалары қазыналы халықтың алдында ардақталатын болды. «Елім, жерім» деп, игі істердің жалауын көтерген әр ұлтжанды азаматқа көрсетілер сый-құрметіміз ешқашан да елеусіз қалмасын. Осы ұранды көтерген жалпыұлттық «Ел тұлғасы» байқауы елімізде бірінші рет қолға алынып отырған шара екенін атай кетейік. Бастаманы көтеріп отырған "Exclusive" журналы, stosorok.kz қызметі және "Kcell" ұялы байланыс операторы ұйымдары екен. Бұл текті жалпыұлттық байқаулар Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Ресей, Украина елдерінде де болған. Ал қазақстандық жобаның айта кетерлік ерекшелігі де жоқ емес. Ол - кандидаттыққа ұсынылған өнер, мәдениет, білім, спорт салалырында айтулы іс атқарып келген қоғам қайраткерлерімен қатар халықтың өзі де құрметке лайық деп тапқан үміткерді байқауға ұсына алатындығында. Мәселен, «Ел тұлғасы» тізіміне жаңа үміткердің аты-жөнін енгізу үшін  http://20let.kz сайтына кіріп, арнайы номинацияны таңдау құқығы берілген. Ел қалаулысын таңдау бес номинация бойынша іске асырылады:

1) Қоғамдық қызметі;

2) Бизнес;

3) Мәдениет пен өнер;

4) Ғылым;

5) Спорт.

Ал байқаудың қорытындысы ағымдағы жылдың наурыз айында белгілі болады.

Жобаның ақпараттық қолдаушылары - «Панорама» және «Наша жизнь» апталық газеттері мен Massaget.кз, Nur.kz, Gazeta.kz, Quorum.kz, Total.kz порталдары. Ендеше сіз де өз даусыңызды беріңіз!

Жоба туралы ақпаратты берілген әлеуметтік желілер беттерінде көре аласыздар:

 http://vkontakte.ru/club33346410

http://www.facebook.com/pages/20letkz/269277566461666

http://my.mail.ru/community/20let.kz/

http://www.odnoklassniki.ru/group/54075467956240

«Ел тұлғасын» бірге анықтайық!

Ж. FM