- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Кітапты жылдам оқудың...
Кітапты жылдам оқудың тиімді әдісі
Жылдам оқып үйрену - астамдық емес, дүниедегі дағдыға айналуы тиіс машық қана. Көптеген адамдар кітапты жылдам оқи алмауының себебін балалық шақтан көріп жатады. Нақтысын айтсақ, балалық шақта қалыптасатын әдет деп ойлайды. Алайда, білесіз бе, олар қателеседі. Ата-аналырыңыздың сізді тез оқи алмайтыныңызға сендіргені де өтірік. Аңыздық желіге құрылған жалған ертегі ғана. Жылдам оқып үйрену кез келген жаста қалыптасатын дағды. Дәл махаббат сияқты...
Дауыстап оқуға болмайды
Жылдам оқып үйренудің кеселі - дауыстып оқу. Бұл бізде бала кезден қалыптасып қалған әдет. Ұстаздар желкемізден төніп алып, қысқа ғана уақыт аралығында дауыстап оқытады...
Әрине, бәрін бұрысқа шығару оңай, ал дұрысқа ше?! Ендеше, дауыстап оқудың бірнеше жаттығуларын орындаңыз:
" Ерін тыныштығы" жаттығуы
Саусақты ерінде ұстау;
Еріндердің қозғалмауын қадағалау;
"Ұқыпты жинап алу" жаттығуы
Қарандаш пен қаламсапты тіске қысу;
Тіл мен ерін қарандашқа тимеуі тиіс;
"Тілді жымқыру" жаттығуы
Тілді тіс ортасына қысу;
"Дауыстап ла-ла-ла" жаттығуы
Оқып отырған кезде, кез келген дыбыс тіркестерін ( ла-ла-ла, ни-ни-ни) немесе жекелген сөздерді айтып отыру;
"Іштей ла-ла-ла" жаттығуы
Оқып отырып, ішіңізден дыбыс тіркестері мен жекелеген сөздерді қолдану;
"Фрагмент" жаттығуы
Оқып отырған кезде, қысқа мәтіндерді айту керек. Оның ішінде сөз тіркестері, мақалдар, афоризмдер, өлең жолдары, т.б.
"Есептеу" жаттығуы
Оқып отырған кезде, 1-ден 21-ге дейін есептеңіз;
"Музыка" жаттығуы
Оқып отырған кезде, бір қалыпты ән тыңдаңыз. Музыканың ырғағына қосылып оқуды ұмытпаңыз;
" Бармақ арқылы" жаттығуы
Оқып отырған кезде, саусақпен жүргізіп отыру;
Мәтінді саусақтың жылдамдығымен оқу;
Оқып отырған мәтінге терең үңілмеуге тырысу;
Қиын емес мәтіндерді оқу;
Сіздің тез оқу жылдамдығыңыз мәтінге қайта қарау нәтижесінде төмендейді. Сол себепті, сіз оқылмаған мәтінге қайта оралғанда, уақыт жоғалтып аласыз. Және мәтінге шұқшия берудің қажеті шамалы.
"Концентратция" жаттығуы
Сіз алдыңғы оқып кеткен мәтінге қайта оралғанда, миыңыз оқылмаған мәтінге ораларын ескеріп, екі ортада концентрация жоғалады. Сондықтан оқылып кеткен мәтінге қайта оралуға болмайды. Белгілі ырғақ пен жүйеден айырылып қалмауға тырысыңыз;
"Шамадан тыс оқу" жаттығуы
Оқып отырып жыдамдықты үдетіңіз: бір бетті алдымен минутқа оқыңыз, содан соң, жарты минутқа тездетіңіз;
Көз жанарына сыйғызу
Көзді дағдыға салып, бір шеңберден ауытқып кетпек керек. Саусақтан гөрі, көзбен оқу ең тиімді әдіс болып саналады. Сондықтан, көзбен мәтінге шолып отыру саусақпен ілесіп отырудан әлдеқайда тиімді. Керісінше, саусақ кедергі болады. Әр мәтін жолына түскен сайын, көзіңіз ауырып кететін болады.
"Өлең оқу" жаттығуы
Қысқа өлең жолдарын оқу;
Бір жолдың бәрін бір қарағаннан-ақ оқып шығу;
Біртіндеп ұзақ өлеңдерге көшу;
Сурет: xtnv.narod2.ru
Л. Лига