- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Неге жазда жылы,...
Неге жазда жылы, қыста суық болады?
Жер бетінің ыстығы мен суығы, шуағы мол күндері мен аязы - адамзат баласының еншісіне бұйырған табиғат сыйы. Табиғаттың да бұл тарапта аянып қалмасы белгілі. Төрт бірдей мезгіл келіп, жер бетіне қонақ болып жатып алады. Сол уақыттарда, бір қызығы, адам баласы қыстың күні жазды аңсап, ал жаз түссе, қысты сағынатындай күй кешері бәрімізге мәлім.
Сіздер мына сұраққа жауап бере аласыздар ма: Неге жазда күн ыстық, ал қыста суық болады? Иә, сіздің жауабыңыз тас-түйін дайын тұр. Әлбетте, мезгілдің ауысуына немесе Күннің алыстай түскеніне, ол да болмаса табиғат заңдылығына жатқызарыңыз анық. Ондай болса, сіздің жауабыңыз дұрыс. Дегенмен...
Күннен түсетін жылу ең алдымен топырақты қыздырады. Содан барып жерге жақын ауаға жылу беріп, қалған жылудың бәрін денесінде сақтап қалуға тырысады. Мұндай жағдай Күн атмосфераның жоғары қабатын емес, төменгі қабатын қыздыратындай әсер қалдырады. Бәрі де дұрыс. Күннен келетін жылудың көп бөлігін жер өзінде сақтап қалады.
Иә, көп нәрсе Күнге байланысты. Оның келетін жылуы әр жерде әр түрлі таралады. Мәселен, экватор бойына жылу шамадан тыс қатты түседі. Ал Антарктидаға күн түспейтін күндер ай бойына жетіп артылады. Бірақ, Антарктида мәңгілік мұз құрсауында болса да, оның суығы мен аязы күн өткен сайын кемімесе, көбейе түсетін түрі жоқ. Себебі, Антарктидаға жыл бойына ауамен бірге жылу мен ыстықтар барып, бір температурадан ауытқымауына септігін тигізеді.
Күннен келетін жылуды бұлттар шағылыстырып, кері ысырып тастайды деп ойлаймыз. Онысы рас, бірақ, күннен өткен жылуды жерге жіберіп, атмосферадан шығармай, біздің тілімізбен айтқанда, үй терезесінің орнын атқаратыны бұлттың тағы бір міндетіне жатады.
Түннің суық болуы үйреншікті, қалыпты дүние. Күні бойына жиналған жылу түнде таралып, қысымды ретке келтіруге тырысады. Мәслелен, ыстық дене салқындауға, салқын дене жылу жинауға дегендей.
Жылудың таралуына теңіз, мұхиттардың әсері күшті. Әрине, олардың қыс түссе қатуы, жаз түссе, ыси қоюы қиын. Бірақ, бір ысып алса, ұзақ уақыт аралығына жылуын сақтайтын болады. Және қатты суықтан қорғайды.
Осылайша, сұрақтан сұрақ туындай келе, мәселенің басы ашық деуге толық негіз бар. Жоғарыда айтылып кеткен мәліметтердің бәрі (табиғат) атмосфераға, одан қалса, жер бетіне әсер етеді. Содан барып қана қыстың орнына көктем, оның орнына жаз келеді.
Сурет: bilim.idhost.kz
Л. Лига