- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Биікте өмір сүру...
Биікте өмір сүру адамды тез қартайтады...
Ғұмыр жасының ұзақ болғанын кім қаламайды дейсіз? Адам баласының ертеден келе жатқан, қолын байлап отырған арманының бірі – ұзақ өмір сүру және қартаймау. Қартаймаудың тиімді әдісі - жақсы тәртіп пен салауатты өмір салты. Алайда, сол бір ақиқатқа сіздің қай қабатта тұратыныңыз (үй) байланысты болса ше?! Онда не айтар едіңіз? Осы турасында АҚШ-тың сараптау және зерттеу орталығының бір топ ғалымдары ізденіп көрді.
Ғалымдар дәлелі бойынша, адам қаншалықты биікте өмір сүрсе, соншалықты тез қартаятын болып шықты. Иә, бір қарағанда фантастикалық болып көрінуі мүмкін. Алайда, физиктер үшін ертеден белгілі жайт болып саналып келе жатса да, жоғары қабат тұрғындарының төменгі қабат тұрғындарынан ерте қартаятынын дәлелдеу қиын соққаны анық...
Аталған әңгіменің тұздығы миллиард секундтардың еншісінде. Ғалымдар зерттеуді жүргізуге атомдық сағатты пайдаланған. Бірақ, бұл түсінікке аспан дүниесі кірмейді. Кезінде Эйнштейннің өзі де уақыт пен кеңістік турасында азды-көпті толғанған болатын. Оның ойынша, өмірдегі екі егіздің бірін аспанға жіберіп, екіншісін жерде қалдырса, жерге қарағанда аспанда өмір сүрген егізі баяу қартаяды деп санаған.
Екі сағаттық барлауда (атомдық сағаттың көмегімен), теңіздік өлшеммен алғанда биіктік бір футты құраған (шамамен 30 см). Соның қорытындысы есепті, сағат қаншалықты биікте тұрса, соғырлым уақыт жылдам өтетін көрінеді...
Атомдық сағаттар тартылыс заңының әсерін дәлме-дәл көрсете алады: жер бетінен жоғары қабатқа жақындай түскен сайын, уақыт кеңістігі кеми түседі. Бұл дегеніміз,теңіз деңгейінен биіктей немесе жоғарылай бере, адам баласы шамамен алғанда 90 миллиард секундқа жылдам қартаяды деген сөз.
Сурет: ufo-contact.ru
Л. Лига