- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Кофе - компьютерге...
Кофе - компьютерге қарсы ем
Компьютер алдындағы ұзақ уақыт отырыстан соң, жағымсыз әсерге бөленбесеңіз де, өзіңіздің денсаулығыңызға үлкен зиян тиіп жатқанын біліп отырасыз. Мұндай немкеттіліктің ешкімге керек емесі белгілі. Әрине, бірінші кезекте денсаулықтың тұратыны анық.
Ал денсаулық сақтаудың жолы, яғни компьютерден келетін зиянды азайтатын бірден-бір ем - (солай айтсақ дұрыс болар) кофе болып шықты. Нақтылай айтсақ, көзден жас ағу, көз құрғауының яки күюінің алдын алатын көрінеді.
Аталған шешімге Токио университетнің ғалымдары сынақ барысында келіп отыр. Жалпы сынаққа 78-ге жуық адам қатысып, (ескеретін нәрсе, бәрінің көздері сап-сау) зерттеу жүргізілген. Бірнеше күннен соң ғана барып, кофе немесе кофеиннің дәрі-дәрмектерін ішкізген. Тіпті кейбіріне кофе орнына плоцебо берілген. Әрине, оны жан баласына білдірмеуге тырысқан.
Іс барысында анықталғаны, кофе ішкендердің көздері тез жұмсарып, жақсы күйін сақтауға тырысқан. Зертеушілердің пайымы бойынша, кофе көздің сөл бөлетін безіне ерекше жағдай жасайды екен.
"Егер біз ашқан жаңалық шындыққа ұласып жататын болса, онда көп ұзамай-ақ көздің құрғауына қарсы ем шығады дей беріңіз. Алайда, біз кофені немесе кофеинді тек сезімтал жандарға ғана ішуге кеңес береміз. Әзірге, пайым осымен шектеліп тұр деп "- деп зерттеушілер тобын бастап жүрген Рейко Арито ағынан жарылды.
Тағы бір зертеушілер тобы көз аурының алғашқы нышаны біліне салысымен-ақ, офтомологқа (көз ауруының маманы) қаралуды жөн көреді. Нағыз маманның сөзі мен емі бірдей болып келеді дегеннен шығар.
Қазіргі таңда көз ауруының алдын алуға жылы компресстер, сүрту мен арнайы тамызатын дәрі-дәрмектер қолданылады.
Компьютер алдында кофены ұрттап отырып-ақ, бір оқпен екі қоянды атып алатын күн алыс емес. Ұйқыны ашып, көңіл серпілтіп әрі көз ауруының алдын алатын боламыз.
Сурет:variant.kz
Л. Лига