Қанттың пайда болу тарихы

Қанттың пайда болу тарихы

Кез келген үйдің дастархан басында наннан кейін қант тұратыны белгілі. Осы түсінікке біздің үйренгеніміз соншалықты, қантсыз дастархан бар дегенге сенгіміз келмейді. Шайға салғанды жақсы көреміз, ал тарихын білетініміз күмәнді.

Қанттың бірнеше түрі бары белгілі. Ол жан-жануарларда да, өсімдіктерде де кездеседі. Алайда, адамдардың қант туралы әңгімесі қант қызылшасы мен қант қамысының өнімі турасында ғана өрбиді және сол турасында түсініктері өрілген. Бүгінгі таңда әлемдік экспорттың 62 пайызы қанты қамысы болса, 37,5 пайызын қант қызылшасы құрап отыр. 

Тәтті дәмі арқылы көпшілікті тартып тұратын өсімдік осыдан мың жылдай бұрын Жаңа Гвинеяда пайда болған. Сол уақытта осы өсімдік үшін қанша тайпалар өз-өздерімен соғысып, қорғап қалуға жандарын салысқан. Бірақ, ол туралы түсінік бізде қайдан болсын. Бар болғаны қант туралы әңгіме өрбісе болды, шайымызға қатқымыз келіп тұрады.

Содан бері қаншама ғасырдың ширегінде, қоғамның дамып, өркениеттің жаһандануына байланысты қант зауыттары көптеп ашыла бастады. Қантты өндірудің өнеркәсіпте нешеме түрлері шығып, дүниежүзілік экспортқа айналып кете барды. Ең бірінші сатушылар мен көпестер қантты Тынық мұхит бойына алып шықты. Кейінірек Азия мен Индонезия, Филиппин аралдарына жетіп, күнделікті тұтынатын өнімге айналдырып жіберді. Алайда, қанттың тарихы осымен бітпейді.

Кейбір ғалымдардың ойынша, қант қамысы бұрынғы өткен замандарда Үнді елінде тараған. Алғаш қантты көріп, Еуропаға жайып жіберген Александр Македонский болатын. Бәріміз білетіндей, мүйізі бар адам б.з.д. 325 жылы Үнді еліне жорық жасаған. Олар алғаш қант қызылшасын көргенде, арасы жоқ бал есепті өсімдікке балаған.

Содан Үнді елінен жол алып шыққан қант Персияға жеткен. Ал Персия елі 500 бен 700 жылдар аралығында Сирия, Палестина, Египет, Жерорта теңізі бойын жаулап алып, қантты тұтынуды дағдыға немесе әдетке айналдырып жіберген сыңайлы.

Қант қызылшасы ең бірінші рет Америка Құрама Штаттарына 1751 жылы жеткізілді. Сол уақыттағы түрлі діни ағымдардың миссионерлерінің бірі қантты Гаитиден Жаңа Орлианға, содан Луизиана штатына алып барған. Қант өнімі 1795 жылы тұрақты экспорт көзіне айналады.

Сурет: e-lizzz.livejournal.com

Л. Лига