Massaget.kz – жеңімпаз!

Massaget.kz – жеңімпаз!

Massaget.kz порталының "Интернет-дода" байқауында бірінші орын алғанын айтып өткен едік. Кеше Астана қаласында аталған доданың марапаттау рәсімі өтті.

Білім министрлігі мен "Современный город" жастар ұйымының қолдауымен ұйымдастырылып отырған байқаудың қазылар алқасына ҚР Парламент мүшелері, Үкімет және БАҚ өкілдері, филологтар мен жастар ұйымының белсенді мүшелері кірген.

Естеріңізге сала кетсек, төрешілер шешімі бойынша, «Массагет» (Massaget.kz) – 1 орын, «Айналайын» (Aynaline.kz) – 2 орын, ал «Сұрақ-жауап» (Szh.kz) – 3 орынға ие болды. Жеңімпаздардан бөлек, 17 қазақ сайтына естелік сыйлықтар табысталды. 

Сурет: Абай Отар

М. Оңғарова