- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Көздің жұмысы...
Көздің жұмысы
Адам көзін табиғаттың ерекше бір сыйындай көретіндер бар. Алайда, ол жай ғана 40-қа жуық мүшелердің бірі. Себебі, жаппай эволюция нәтижесінде жер бетінің тірі ағзаларының көпшілігінде көз пайда болды.
Көз жайлы айтар әңгімемізді фотоннан бастаған дұрыс болар. Кванттық электромагниттік сәулелену еш елемей кетіп бара жатқан адамның көзіне ұшып барып қонады. Ал әлгі адамның көзі сығырайып, сағат тықыланынан мазасызданып бара жатуы мүмкін...
Көздің ең бірінші оптикалық бөлшегі – шынайна (көздің мөлдір қабығы). Ол жарық атаулының бағытын өзгертеді. Бұл кемпірқосақ секілді жарық сәулесінің сынуына да қатысы бар дүние. Вакуумдегі (көздегі) жарық жылдамдығы - 300 000 000 м/с. Бірақ, бір ортадан екінші бір ортаға өткен кезде, жарық жылдамдығы ауысып, бағытын өзгертеді. Ауадағы жарықтың сәулеленуі 1,000293-ге тең. Ал шынайнанікі - 1,376. Бұл дегеніміз, шынайнадағы жарықтың сәулеленуі 1,376 есеге төмендейді. Көздің ортаңғы бөлігіне, яғни қарашығына қарай өтеді деген сөз.
Қабыршақтың дөңгеленген және тарамдалған бұлшықеттері қарашықты үлкейтеді. Дәл фотоаппараттағы диафрагма секілді. Адам қарашығының диаметрі жарыққа байланысты 1 ден 8 мм аралықта өзгереді екен. Қарашықтан өтіп барып, фотон көз жанарына тоқтайды. Яғни екінші линзаға, оның троекториясына жауап беретін көз жанарына. Білетіндей, көз жанары қарашыққа қарағанда, жарықты аз қабылдағанмен, қозғалысқа өте жақсы болып саналады. Көз жанары цилиндрлік бұлшықетте орналасқандықтан, алыс-жақын аралықта көрсетіп, кез келген дүниені бір аралыққа алып келіп топтастырады.
Міне, осы қасиет көздің жақсы көруіне зиянын тигізеді. Көрген дүниеміз көз торына келеді. Ал ол болса, көрген дүниеміздің пішінін өзгертіп жібереді. Себебі, көз торы көз жанарынан бөлініп, жақын аралыққа дейін барып көрсетеді емес пе?!
Адам көзіне сигнал жеткен сәтте, логикада ауытқушылық болады екен. Арыдан айтсақ, көзді аса қатты қажет ететін теңіз сегізаяғында да аталған қасиет артық болып шықты. Оларда фотон ең алдымен көз торына, соған ілесе, нейрондарға жол тартады. Сол арқылы миға хабар жіберіледі. Ал адамдарда алдымен нейронға келіп, содан соң ғана фоторецепторларға жол тартады. Бұл дегеніміз, көзге жақсы нышан емес деген сөз...
Адам миы көрген суреттер мен кескіндерді сол күйінде қалпына келтіреді екен. Яғни, олардың алғашқы күйін қайта оралтады. Сәби дүниеге келгенде, фотошоптары қалыпқа келгенше, өмірді асты-үстімен көреді екен. Бір қызығы, адам суретті теріс көрсететін көзілдірік кисе де, адам миы бірнеше күннен соң, бұл кескіндерді өздігінен қалыпқа келтіретін болып шықты.
Сурет: znaetelivi.ru
Л. Лига