Біздің қалауымыз: Қабдеш Жұмаділов. "Көкжал"

Біздің қалауымыз: Қабдеш Жұмаділов. "Көкжал"

Массагет ұжымы оқырман қауымға ең үздік кітаптарды ұсынады. Соның ішінде қалың жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген, заман шындығын бұлтармай жазып жүрген Қабдеш Жұмаділовтің "Көкжал" кітабы. Қазіргі әдебиет сүйер қауымның ортасында қызу талқыға тұратын, ойы мен мазмұны жағынан көш ілгері болып қала беретін кітаптардың бірі әрі бірегейі осы туынды. Аталған кітапты әдебиетке жаны құмар жандарға және бақытын тапқысы келіп жүрген адамдарға ұсынамыз. 

Жазушының бұл кітабына соғыс жылдары жазылған хикаяттары мен әңгімелері, сыр-сұхбаттары енген.

«Аранға түскен аққулар» хикаяты – атақты Алжир жайлы, ондағы қилы тағдырлы, кеңестік жүйе «халық жауы» деп көрсеткен ұлтжанды азаматтардың жарлары жайлы, аса аянышқа толы ашынған жүрек толғанысы туралы жазылған.

«Көкжал» хикаяты – өткен күндердің баянсыз бейнесі, Қытай жеріндегі қандастарымыздың бір сәт бой көрсетуі, Оспан батырдың мінез танытуы, ұлт болып ұйысу жолындағы қат-қабат шиеленіс пен қатпар-қатпар астары мол хикаяның түйіні мен оқырман күтпеген шешімге толы дүниелер кеңінен суыртпақталады.

«Екі айрық жол» хикаяты – Ұлы Отан соғысының екі айрық жолға түскен екі ардагері жайлы туынды. Мұнда екі кейіпкер тағдыры арқылы бір кездегі соғыс шындығы, майдангерлердің жанкешті қимылы нанымды баяндалады.

Бір топ әңгімелер де ел өміріндегі елеулі маңызы бар әр кезеңнің астарлы бейнесін көш алдымызға әкелетін көркем шығармалар.

Суреттер: atamura.kz 

Л. Лига