Кітап оқудың тиімді 4 ережесі

Кітап оқудың тиімді 4 ережесі

1-ереже: Не білгіңіз келетінін анықтау керек.

Ең алдымен өзіңізден "Не үшін оқып отырсыз? Сіз алдыңыздағы мәтінді нақты бір мақсатпен бе әлде жай ғана рақаттану үшін оқудасыз ба? Кітаптан қандай білім алғыңыз келеді?" - деп сұрауыңыз керек.

Осы сұрақтарға жауап бергеннен соң, кітап бетін парақтауға кірісе беруге болады. Мұны істеудің оңай жолы – кітаптың кіріспесі мен тараулардың тақырыптарын қарау. Кіріспеде кітаптың кімге бағытталғаны, автор оқырманға не жеткізгісі келгені жайлы мәлімет берілуі мүмкін.

2-ереже: Мәліметті қаншалықты терең білу керек екендігін анықтау керек.

Егер сізге тек аттамалы мәліметтер қажет болса, онда тарау тақырыптары мен кіріспесін оқып шықсаңыз жетерлік.

Ал егер сіз толық ақпаратты қажетсінсеңіз, онда мәтінді қарап шыққан абзал. Тарауларды, кіріспені басты сөздер мен тіркестерді түсіне отырып, оқып шығыңыз. Оқу барысында берілген (егер берілсе) суреттер мен графикаларға жіті назар аударыңыз. Тек осы жағдайда ғана іздегеніңіз жайлы толық мағлұмат алу мүмкіндігіңіз бар.

3-ереже: Белсенді түрде оқу

Қандайда бір мәтінді оқу барысында маңызды да өзекті жерлердің астын сызып,  оған пікір қалдырып отыру керек. Бұл сізге материалды жақсы түсінуге, сонымен қатар, қажетті жерде ойыңыздың жинақы болуына септігін тигізеді.

4-ереже: Техникалық құжаттарды оқу кезінде сөздіктерді қолдану

Егер сіз қиын техникалық құжаттарды көптеп оқитын болсаңыз, сөздік қолданыңыз. Оқу кезінде жаныңызда сөздіктің болғаны дұрыс. Сонымен қатар, кейбір тіркестерді өз сөзіңізбен жазып қойыңыз. Бұл сізге сөзді немесе тіркесті оңай әрі тез еске сақтауға көмектеседі.

Сурет: nika.vidaaktiva.ru

Ж. FM