Астанада «Корей ертегілері» кітабының тұсаукесері өтеді

Астанада «Корей ертегілері» кітабының тұсаукесері өтеді

22 тамызда сағат 16.00-де есімі елімізге танымал бола бастаған шығыстанушы, жергілікті және мемлекеттік басқару саласының маманы, аудармашы Дастан Ақаштың корей тілінен қазақшаға аударған «Корей ертегілері» кітабының тұсаукесері болады. Тұсаукесер Астана қаласындағы Корей елшілігіне қарасты «Корей мәдениеті» орталығында өтпек.

Соңғы кездері Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени, экономикалық байланыстар ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеге жетті. Бұрыннан айтылып келе жатқан екі ел мәдениетінің ұқсастығы аталған кітаптағы ертегілерден айқын көрініс табады.

Корей ұлтының еңбекқорлығы, мейірім-қайырымдылығы, адалдығы, тағы басқа ізгі қасиеттері мазмұнды әрі тартымды тілмен жеткізілген. Бас-аяғы 10 ертегіден тұратын кітаптың тілі балаларға түсінікті етіп аударылған. Сонымен қатар, бұл кітап тек бүлдіршіндерге ғана емес, корей тілін үйренем деген студент жастарға, мәдениеті мен экономикасына қызығушыларға арналған.

«Фолиант» баспасы басып шығарған бұл кітаптың әр беті қызықты көркем суреттермен безендірілген. Жақсылықтың көшбасшысы болған баспа алдағы уақытта оқырман назарына «Корей ертегілерінің» екінші кітабын ұсынбақ.

Қазақ тіліне алғаш аударылған «Корей ертегілері» кітабының тұсаукесер рәсіміне дипломаттар, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес өкілдері, танымал қаламгерлер мен БАҚ өкілдері шақырылуда.

Тұсаукесер рәсімінің өткізілетін орны: Астана қаласы, Иманов көшесі 13, «Нұр-сәулет-2» бизнес-орталығы, 1-ші қабат.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 901-113; факс: 8 (7172) 901-116

«Фолиант» баспасы: 8 (7172) 395-459; факс: 8 (7172) 397-249

Сурет: constantcrafter.wordpress.com

Y. Smaghul