Нью-Йоркте білім алғыңыз келе ме?

Нью-Йоркте білім алғыңыз келе ме?

EF бағдарламалары бойынша Нью-Йоркте білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Американың аңызға айналған мегаполисіндегі ағылшын тілін жетілдіруге бағытталған оқу курстарына қатысып, алып шаһардың өмірін сезінуге тырысыңыз.

Нью-Йорктің ауқымдылығы сонша, ол жерге қысқа уақытқа барып, қаланы толық айналып, танып білу мүмкін емес. Егер сіз «Үлкен Алмамен» жақын таныс болғыңыз келсе, ол жерде біршама көп уақытқа тұрақтауға тұра келеді. Нью-Йоркке оқуға барып, шет тілін үйренумен қатар, қала мәдениетін, мұражайлары мен көркем орталықтарын тамашалап, өмірлік тәжірибе жинақтауға болады. Сонымен қатар, Нью-Йорк әлемнің алып мегаполисі болғандықтан, қалада шоғырланған көп ұлттың түрлі мәдениеті және өнерімен тәжірибе алмасуға, Times Square, Rockefeller Center, Metropoliten Museum of Art, Central Park секілді туристік орталықтарға баруға жол ашады.

Нью-Йоркте жұмыс істейтін EF мектептері Американың дәстүрлі білім беру жүйесімен ағылшын тілін үйретеді. Студенттер Гудзон өзенінің бойындағы кішкене қалашықта білім алады және сабақтан тыс уақытта Манхеттеннің зәулім ғимараттарына таңдана, қала көшелерін шарлайтын болады. Оқу ордасының аумағы 10 гектар жерді алып жатыр. Онда оқуға қажетті барлық жағдай жасалған. Мектеп аумағында кітапханалар, демалыс орындары, фитнес орталығы мен бассейн орын тепкен.

Толығырақ ақпаратты www.ef.kz сайтынан ала аласыздар.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.ef.com

Ж. Өрісбай