- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Блогер болудың пайдасы...
Блогер болудың пайдасы неде?
Джастин Холл мен Йорен Баргер тұңғыш рет блог жүргізуді бастағанда бірнеше жылдан соң бұл істің мамандық қана емес, талайдың нәпақа табу жолы болатынын сезбеген де шығар. Бұл керемет мамандық, тіпті үздік мамандық деуімізге болады. Неге? Себебі...
Блогерлер мықты бәсекелес. Желіде миллиондаған блог бар. Бір ғана WordPress.com-да 75 миллион (!) блог бар екен. Ал оған Blogger, Tumblr және басқа да блогтұғырларды қосыңыз. Бұл салада өте бір аз қозғалатын тақырыптың өзіне бәсекелестер табылады. Ал солардың ішінде мықты болу үшін – еңбек ету қажет. Бұл дегеніңіз «блогер» мамандығының аясы уақыт өткен сайын кеңейе беретінін дәлелдеп тұр.
Блогерлер әртарапты. Авторлық блог жүргізу – кішігірім газет шығарумен бірдей. Бірақ оны жазатын бір ғана адам. Автордың өзі автор, корректор, редактор, фотограф және өңдеуші бола алады. Грамматика, стилистика, HTML, SEO, дизайн тіпті SMM блогердің арсеналында болады. Сонымен қатар блогер қандай да бір саланың маманы.
Блогерлер компьютерді «шағады». Блогердің басты мақсаты қатесіз жазу десеңіз қателесесіз. Орфографиялық, пунктуациялық ережелермен қоса оның техникалық білімі болуы тиіс. Блог жазатын адам бағдарлама жасауда, веб-дизайнда, тінтуір қызметтері мен әлеуметтік желідегі жұмысты да біліп алуы керек. Оны қойсаңыз, ол өзінің блогын түрлі спамдар мен фишингтен сақтауы қажет.
Блогерлер – маркетинг «білгіші». Мақала жазады, оны жариялайды. Осымен бітті деп ойлайсыз ба? Жоқ! Аудитория оның мақаласын оқып, пікірлесу керек. Осы үшін де блогерлер интернет-маркетингтің мәселелерімен танысады: іздеу құралдары, әлеуметтік желілердегі жарнама... Блогерді бұған мектепте оқытпайды. Мұны Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауылының тұрғыны Мақсат сияқты жас блогер өзі ізденіп, оқиды.
Блогерлер тәуекелшіл. Блогосферадағы жұмыс – дәстүрлі мамандық салаларындағыдай жұмыс емес, онымен айналысу үшін адам әртарапты болуы қажет. Блогерлер түрлі шараларға қатысып, өз ұсынысын жасайды. Қарым-қатынас маманының да рөлін атқарады.
Блогерлер – кәсіпкерлікпен де айналысады. Тұтынушыны табу, сатумен айналысу, серіктестер өнімін жарнамалау сияқты істердің барлығын блогер жасай алады. Осыған байланысты блогерлер жеке парақшасын бизнес-жобаға айналдырады.
Блогерлер – басқарушылар. Олар өз уақытын дұрыс пайдалануы тиіс. Дұрыс жоспарлаудан-ақ блогерлер парақшасын жаңартып тұратыны немесе екі ортада бизнесін құлдыратып алатынын анықтайды. Егер блог жүргізуде блогер ұжыммен жұмыс жасайтын болса ол білікті басшы болады: жасампаз авторларды іздеу, контент-менеджерлерді табу, жұмысқа бақылау жүргізу. Блогер – бұл құтты күні басқарушылық қасиетін көрсететін адам.
Блогер – жасампаз. Дарынды адам әр салада да дарынын көрсете біледі десек, блогерлер де әр істе жеңімпаз болуы керек. Бар іс интернетте қызықты етіп жазба жазу жеткіліксіз. Сондықтан олар жазу машығын, суретке түсіру шеберлігін, видеоға түсіруді меңгеруін және басқа да өнермен таныс болады.
Блогерлер – зерттеушілер. Блогер әр айтқан сөзін тексеріп, зерттей келе қорытындылап, дәлелдеп беруі керек. Түрлі сауалнамалар мен статистикаларды жинақтап, тарихты саралап, еңбек етуі қажет. Жақсы блогер – әрқашан да зерттеуші болуы тиіс, себебі ол өзінің көзқарасын айта білуі керек.
Блогер адамдардың білімді болуына жол ашады. Блогер өз өмірі, өз қызығушылығы жайлы ғана айта бермей, түрлі салаларда ақпарат бере білуі керек. Өзі көрген өмірді сипаттау арқылы, өзгеге сабақ болатын жағдайларды айтып беруі тиіс.
Блогерлер қоғамдық пікір құрады. Блог – бұл дискуссия жасауға арналған орын. Бұл жерде әркім өзінің азаматтық пікірін жазуы керек. Ақпараттық мақалалардан гөрі, блогта жазылған ақпарат ел-жұрттың әңгіме ететін мәселесіне бірден айнала кетеді. Ал абыройлы блогердің пікір сол бетте-ақ танымал бола түседі. Әйтпесе саясат пен шоу-бизнестегі адамдардың блогер бола қалуын басқаша қалай түсіндіреміз?
Блогерлер – мәдениетті адамдар. Өз-өзін сыйлайтын, құрметтей білетін блогер ешқашан да сенімсіз ақпаратпен бөліспейді, ешкімді арына тиіп, балағаттамайды, аудиторияны айдап салмайды. Ол өзіне жазғаны үшін жауапкершілік артады. Сондықтан да блогер интернет этикасы мен көпшілікке ортақ ар-намыс нормаларын сақтайды.
Бұл тізімде айтылған ойларға қосылуыңыз да, қарсы шығуыңыз да мүмкін. Бірақ бір белгілі нәрсе: блоггинг – өте ауыр еңбек. Егер блогер болуды ойласаңыз есіңізде болсын – бәрі де тырысып көруі мүмкін, бірақ соның ішінде бірнеше ғана адам мойындалған блогер бола алады. Себебі блогер – үздік мамандық!
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: subscribe.ru
А. Құлтай