Бүгін түнде Күн тұтылады

Бүгін түнде Күн тұтылады

Бүгін түнде жер тұрғындары күннің тұтылуын тамалашай алады. Айдың көлеңкесі бүкіл Тынық мұхитын басатын болады. Бұл құбылысты Аустралия құрлығының солтүстігінен ғана байқау мүмкіндігі бар.

Тұтылу Гринвич уақытымен 19.37-де басталады. Шамамен бір сағаттан соң, Гринвич уақытымен 20.35-те толық фазалы Айдың көлеңкесі өз жолын Аустралияның солтүсігінде орналасқан Дарвин қаласынан батысқа қарай 150 км қашықтықтағы нүктеден бастайды. Көлеңке ары қарай Карпентарий шығанағын кесіп өтіп, Квинсленде құрлығына қайтып оралады. Көлеңке траекториясының бойында орналасатын ең үлкен елді мекен Австралияның батыс жағалауындағы Кэрнс қаласы. Айта кетелік, бұл жерде шамамен 150 мың адам өмір сүреді.

Астрономдардың айтуынша, тұтылудың максималды фазасы Гринвич уақыты бойынша 22.11-де Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде байқалатын болады. Оның ұзақтығы 4 минут 2 секундты құрайды. Ай көлеңкесі жер бетінен Гринвич уақытымен 23.48-де жоқ болады.

Қазақстандықтар бұл құбылысты көре алмайды. Дегенмен айтулы оқиғаға құмартқандар тұтылу процесін SLOOH Space Camera сайтынан онлайн түрде бақылай алады. Тұтылу Астана уақытымен 14 қарашаға қараған түні 01.37-де (бүгін) басталады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: metkere.com