Мысықтар туралы қызықты мәліметтер

Мысықтар туралы қызықты мәліметтер

Англияда Йода есімді төрт құлақты мысық өмір сүреді. Оның иелері Тед және Валерий Рок мысығын түрлі жануарлар дәрігерлеріне көрсеткенінде, мысықтың артық құлақтарының болғаны болмаса, оның ақыл-есі дұрыс, есту мүмкіндігі де ойдағыдай екендігін айтқан екен.

Қытайдың Гуандун провинциясында мысықтармен тамақтанудың ешқандай ерсілігі жоқ екен. Оны дайындау үшін мысықтың терісін сыпырып тастап, тірідей күйдіріп пісіреді екен. Мұны жақында ғана білген Пекин тұрғындары орталықта ереуілге шыққан.

Манчкин — өте ерекше мысық. Қарапайым мысықтармен салыстырғанда бұл мысықтың денесі ұзынырақ. Сондықтан да оны такса деп атайды екен. Ал басқа дене пішіні мен ішкі және сыртқы құрылыстары басқа мысықтардікіндей.


Америкада Даниэль есімді 26 саусақты мысық өмір сүреді

Мысықтар тек адамдардың назарын өздеріне аударту үшін ғана мияулайды екен.

Нью-Йорк қаласында Соломон мен Бруно есімді біржынысты мысықтар жұбы өмір сүреді. Бұл шоуды "Ollie’s Place" атты мысықтар мекені жасаған.

1963 жылы Францияда ғарышқа алғаш рет мысық ұшырылған екен. Фелисетт есімді мысық  жерден 200 км жоғарыға ұшып, қайта аман-сау оралған.

Мысықтың адамды тістеп алуы өте қауіпті. Соның кесірінен жылына жүзден аса адам көз жұмады.

Мысықтардың көру мүшесі адамдардың көру мүшесіне қарағанда жақсы жұмыс істейді. Өйткені олар қараңғыда да көздері жанып, біз көрмейтін заттарды көз нысанасына ала алады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: zdorovie.kurenie-yad.org, factroom.ru

А. Әбілхан