- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- 3D суреттер немесе...
3D суреттер немесе суретші-анаморфист
Жапондық студент Нагаи Хидеюки өзін суретші-анаморфистердің қатарына жатқызады.
Анаморфизм - бұрмаланған суреттің немесе жазудың айнадан немесе басқа да қыш, не болмаса шағылыстырғыш қасиеті бар заттың бетінен оның кескінін оқып тану құбылысы. Алғашында анаморфист-суретшілер бұрмаланған бейнені қағаз бетіне түсіреді. Егер біз белгілі бір бұрышпен суретке көз қырын тастасақ, олар бізге көлемді болып көрінеді.
Осылайша, Нагаи Хидеюкидің суреттерінен 3D форматында белгіленген кескінді көру үшін қойын дәптерге салынған суреттің бір бетін қабырғаға, не болмаса вертикальді жазықтыққа тіреуіміз керек. Осындай тәсілмен салынған сурет "тірі" болып көрініп, талай жұртты таң қалдырғаны айтпасақ та белгілі.
Жас суретші өз суреттерін салуда қарапайым қара қарындашты қолданып келеді. Кейде бейнеге түс, көлем, толыққандық енгізу үшін Хидеюки түрлі-түсті бояуларды пайдаланудан бас тартпайды. Талантты суретшінің ең сүйікті жұмыс құралы - қойын дәптер мен қарындаш. Хидеюкидің қолына түскен қарындаш пен қағаз әп-сәтте ақ өнер туындысына айналады. Ал енді біз сіздерді Хидеюкидің суреттерін бірге тамашалауға шақырамыз.
Суреттер: www.adme.ru
Дайындаған: Қайреке Серікұлы