Линкольн мен Кеннедидің арасындағы тылсым байланыс

Линкольн мен Кеннедидің арасындағы тылсым байланыс

АҚШ-тың екі президенті арасындағы адам сенгісіз байланыс жайлы ақпарат алғаш рет Scientific America журналының беттерінде жарияланған болатын. Былай қарағанда екі президентті не байланыстыруы мүмкін деген сұрақ туындауы мүмкін. Иә, екеуінің де қолында билік болған. Авраам Линкольн да, Джон Кеннеди де АҚШ халқына жасаған жақсылығы үшін американдықтардың жүректерінде мәңгі сақталары сөзсіз. Алып территориясы бар жерді басқарған екі елбасыны байланыстыратын қызықты жайттармен бөліспекшіміз.

Авраам Линкольн Конгреске 1846 жылы сайланды. Джон Кеннеди болса, 1946 жылы Конгрес мүшесі болады.

Президенттік таққа Линкольн 1860 жылы отырған. Кеннеди 1960 жылы президент болып сайланды.

Кеннеди мен Линкольнның фамилияларында жеті әріп бар. (Латынша)

Екеуі де жұма күні қаза тапты. Екеуін де бастан снайперлік мылтықпен атқан. Екеуі де бір оқтан көз жұмды.

Линкольн орынбасарының есімі Кеннеди болса, Кеннеди орынбасарының куәлігінде Линкольн деп жазылған.

Линкольнның орнын басқан Эндрю Джонсон 1808 жылы дүниеге келген. Кеннедидің орнын басқан Линдон Джонсон 1908 жылы туылған.

Авраам Линкольнді өлтірген Джон Уилкс Бут 1839 жылы туылса, Кеннедидің өмірін қиған Ли Харви Освальд 1939 жылы дүниеге келген. Екі қылмыскер де қалың жұртқа үш есіммен таныс болған.

Бут театрдан қашып қоймада ұсталған болса, Освальд қоймадан ізін суытып, театрға қашқан кезде қолға түскен.

 

Сурет: pokazuvam.tumblr.com