Әлемге кең таралған мифтер. 1-бөлім

Әлемге кең таралған мифтер. 1-бөлім

Американдық танымал журнал  Live Science – халық арасында тараған танымал мифтерді анықтамақ оймен өз оқырмандары арасында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде пайда болған сұрақтарға журнал басшылығы ғалымдардың көмегіне жүгініп, сол сұрақтарға жауап берулерін өтінді. Өкінішке орай, айтылғандардың көбісі мүлдем негізсіз деп табылып, жалған болып шықты. 

Тауық бассыз өмір сүре алады - Рас

Шынында да бассыз қалған тауық 1-2 минут өмір сүре алады. Ол тіпті жүгіріп, ұшып кетуге де талпынады. Бұны былай түсіндіруге болады: Бассыз қалған тауық көптеген рефлекстерге жауап беретін ми бөлігін сақтап қалады. Аталған фактіге байланысты танымал дәлел де бар: Бір тауық бассыз 2 жыл өмір сүрген. Мүмкін «мисыз тауық» тіркесі де осыдан кейін пайда болған шығар.

Адам миы тек  10 пайызға жұмыс істейді - Өтірік

Осы жалған факт бір ғасырдай уақыт өмір сүріп келеді. Қуанышты мүмкін өкінішті де шығар, дегенмен, ол өтірік. Миды магниттік-резонанстік зерттеу нәтижесінде, ми қыртыстарының көп бөлігі адам өмірінде белсенді қызмет атқаратыны анықталған. Тіпті адам миы ұйықтап жатқан кезде де жұмыс істейді. Сондықтан адам миы жүз пайызға істейтін болса, адам құстай ұшатын болады деген сияқты аңыздарға сенудің қажеті шамалы. Одан да баспен ойланған дұрыс.

Ғарышта гравитация жоқ - Өтірік

Бұл өтіріктің пайда болуына басты себепкер болған «салмақсыздық» және нөлдік гравитация» тіркестері. Гравитация барлық жерде бар және тартылыс күші барлық адамдарға бірдей әсер етеді. Ғарышкерлердің ғарышта самғауларының себебі де олардың ғарыш кемесімен бірге әрдайым Жерге тартылуында. Гравитация Жерден қашықтаған сайын азаяды, бірақ ешқашан жоғалмайды. 

Мак қосылған тоқаш нан жеу – апиын шегумен бірдей дерлік - Рас

Таңырқарлық нәрсе, бірақ айтылған сөздің жаны бар. Мак қосылған тоқаш нан сізге апиын шегетін адамдардың ләззаты мен қуанышын сыйламаса да, есірткі тексеру органдарында қиындық тууы мүмкін. Егер адам осындай тоқаш нандардың бір-екеуін жегеннен соң, одан қан анализін, апиын тестін алатын болса, анализ көрсеткіші апиын шеккен деген оң нәтиже беруі мүмкін.

Зәулім ғимараттан тасталған мәнет адам өлтіреді - Өтірік

Қарапайым мәнет аэродинамика күші жағынан қарағанда, ең қауіпті қару болып есептелінбейді. Желдің және ауа кедергісі салдарынан мәнет адамға айтарлықтай жарақат әкеле алмайды, тіпті биіктігі 380 метрге  жететін Empire State ғимаратынан лақтырылса да. Сондықтан егер сіз өзіңізге қастық ойлайтын адамыңызбен мәселені шешкіңіз келсе, дұрысы сол мәнетке кірпіш сатып алған жөн.

Жалғасы бар

Сурет: filmi-onlain-smotret-besplatno.ru

Ж. FM