Ажал аузындағы қайсарлық

Ажал аузындағы қайсарлық

Шашы қудай ағарған кария тәжірибеханадағы темір торға салынған, Оңтүстік Америкада тіршілік ететін улы жыланның қимыл-қыбырын жіті бақылай келіп, басынан қыса ұстап қанын сорғызып тәжірибе жасамақ бола бергенде қолын шағып алды. Қан бұрқ ете түсті. Кария жалма-жан телефон жалғап еді, ешкім алмады. Ол жалғыз болатын. Уыт жайыла қоймаған соң бірер іс тындыру ойына келді.

Әуелі, дәкімен жарасын таңды. Тәжірибе нәтижесін естелікке алатын кітапты қолына алып, термометрді қолтығына қысты. Сағатына қарап дене температура өзгерісін естелікке ала бастады. «Дене температурам лезде 5.93 градусқа өрледі... Асқазаным шаққылап барады...» деп жазып қойды, карияның әжім қаптаған жүзінен тер айғыздап ағып, бетінің бұлшық еті дірілдей бастады. Тұла бойы күйіп өртеніп, қатты шөлдеді... Кенет құлағы бітіп қалды. Құлағы шыңылдап ауырса да естелігін жалғай: «Көзімді ашқанда қабағым ауырды... Төрт сағаттай болды...» деп жазды. Карияның жылан шаққан жерінен, танауынан, аузынан қан сорғалап ақты. Ол ары қарай «Термометрді көруден қалдым, жағдайым тым мүшкіл... Танауым мен аузымнан қан аққан соң денемнің ауырсынғаны басылды. Әлім құрыды, миыма қан толған тәрізді...» деген сөздерді жазды.

5 сағаттан кейін карияның демі үзілді. Өмірдің бодауына келген осы тәжірибе естелігі кейінгілердің жылан уытына диагноз қоюға негіз қалап, ғылым жолында басын бәй тіккендердің шұғылалы тарихи дастанына айналды.

Бұл қадырлы қартымыз АҚШ Чикаго жаратылыстану музейінің зерттеушісі, хаюанаттар ғылымының әйгілі маманы Кар Цмит доктор еді. Түйін: үрейлі тәжірибе кешірмесі қанмен жазылған ерлік дастанынан аумайды. Қысылтаяң сәтте, қарттың ойына оралғаны ғылым үшін аса бағалы тәжірибе материалын қалдырып, жылан шаққан науқастар үшін тіршілік үмітін бағыштау болды. Қарт өмірден озғанымен оның тәжірибе естелігі сансыздаған адамның өмірін ажалдан арашалады.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Суре: kk.wikipedia.org

M. Auelkhan