Қызықты деректер топтамасы #2

Қызықты деректер топтамасы #2

1. Қытайда «Алиса ертегілер әлемінде» атты кітапта сөйлейтін жануарлар көп болғандықтан, оны оқуға тыйым салған.

2. Дж. Р. Р. Толкин «Жүзік әміршісі» трилогиясын 2 саусағымен ғана жазып шыққан.

3. Бастапқыда «Мың бір түн» ертегісіндегі Алладин қытайлық болған.

4. New York Times қорытындысы бойынша, Джастин Бибердің кітабы бестселлерлер қатарына кіреді.

5. Ең алғаш «Гамлет» туындысын орыс тіліне Александр Сумароков аударып, «Омлет, Дат ханзадасы» деп тақырып қойған.

6.  Гарвард университетінде адам терісіне жазылған 4 кітап сақталған.

7. «Гулливердің қызық оқиғалары» кітабы айдың көлемі мен оның айналу жылдамдығын, Марс серіктерін астрономдардан 100 жыл бұрын сипаттап берген.

8. «Том Сойердің қызықты оқиғалары» ең алғаш машинкада басылған кітап.

9. Америкада Гарри Потер туралы кітаптарды оқуға көбірек тиым салынады. Себебі ол жерде христиандық құндылықтарды жоққа шығарады және оккультизмге қатысты пропаганда бар.

10. Американдық жазушы Натаниэла Уэстаның «Көк қасқа шегірткенің бір күні» (1939ж.) деген кітабында Гомер Симпсон есімді кейіпкер бар.

11. Осы күнге дейін Ұлыбританияда ең сатылатын кітап – «Сұрдың 50 реңкі».

12. Алғашында Америкада, Түркия мен Ұлыбританияда «Винни-Пух» мультфильмін көрсетуге тыйым салған.

13. Әдеби персонаждардың ішінде Шерлок Холмос телехикая мен фильмдердің ең көп қаһарманына  айналған кейіпкер.

14. «Робинзон Крузо» алғашқы ағылшындық роман болып саналады.

15. Айтпақшы, Робинзон романының жалғасы бар. Ол жерде Азияның оңтүстік-шығыс аймағында кеме апаты болып, нәтижесінде Еуропаға Ресей арқылы қайтуға мәжбүр болады.

16. Барлық уақыттың ең үздік жазушысы болып Агата Кристи танылған. Оның детективтері әлемнің 44 тіліне аударылады.

17. Александр Дюма «Үш мүшкетер», «Граф Монте-Кристо» туындыларын жазу үшін «әдеби негр», романист Огюст Макені жалдаған.

18. Франц Кафка қайтыс болмас бұрын өзінің досы Макс Бродадан барлық туындыларын өртеп жіберуін өтінген. «Қамал», «Процесс», «Америка» туындылары жазушының қарсылығына қарамастан осы күнге дейін сақталған.

19. Герман Мелвиллдің «Моби Дик» шығармасы алғашында принтердің қателігінен эпилогсыз шыққан.

20. Чарльз Диккенс «Рождестволық оқиға» туындысын небары алты аптаның ішінде жазған.

21. Алғашқы комиксінде «Супермэн» шашсыз, өзінің үлкендігі үшін қатты қиналатын жан болған.

22. Екі апта сайын роман жазатын Барбара Картленд, «Гиннес рекордтар кітабының» хабарлауынша ең жемісті жазушы.

23. Адамзат тарихындағы ең алғашқы роман – жапондық «Гендзи туралы повесть». Шамамен 1007 жылы жазылған. Авторлық Сеси патшайым тұсында өмір сүрген Мурасаки Сикибуға тиесілі.

24. Бәрінен көп жазған - испандық драматург Лопе де Вега. Оған 1800 пьеса тиесілі.

25. Бастилияның тұтқыны тек адамдар ғана болған жоқ. Тұтқынға Дидро мен Д`Аламберов құрастырған француздық энциклопедия да түскен. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: crosti.ru

Қ. Бүйенбай