Дүниені өзгертудегі ең өнімді бес амал

Дүниені өзгертудегі ең өнімді бес амал

Джон Колимен

Қалай істегенде, не істегенде дүниені өзгертетін адам болуға болады? Уинфри Опра немесе Билл Гейтс сынды дүниені өзгерткен 25 даңқты адаммен сұқбатта болып, олардың дүниені өзгертудегі ең сәтті бес түрлі амалын назарларыңызға ұсынамыз.

Мақсатты түрде жұмыс бастау

Бұл – осы әлемді өзгерткен атақты адамдардың ең басты, әрі ортақ қасиеттері болса керек. Нақты мақсат қою олардың бастаған жұмыстарының нәтижелі болуын қамтамасыз еткен.

Google компаниясының ұраны: «Әлемнің барлық ақпаратын жер шары үшін қызмет еттіру» болатын. Олар осы мақсатына жетті.

1978 жылы шаңырақ көтерген «Азық-түлік супермаркетын» 25 жастағы Джон Миги құрған еді. Ол қазір бүкіл Америка бойынша ең үлкен табиғи азық-түлік және органикалық азықтықтарды жекелей сату саудагеріне айналды. Оның дәстүрі: «Азық-түлік, тіршілік, жер шары» болатын. Бұл атаулар осы тектес кәсіпорындардың және ондағы қызметшілердің нысанаға жету көрсеткішіне айналған.

Сіз өз мақсатыңыз бен нысанаңызды тапқан кезде ғана әлемді өзгертетін компанияны құра аласыз.

Жұмысты қандай жағдайда бастасаңыз да кешікпейсіз

Біз белгілі бір жұмысты бастауды және компания құруды жастардың немесе өзге бір адамдардың жұмысы деп қараймыз. Шындығында, бизнесті бастау ол сіздің іздену және жаңалық ашу рухыңыз байланысты. Ол әсте сіздің жасыңызға байланысты емес.

Борни Маркос пен Артур Бранки үй жиһазы саудасын бастағанда олардың бірі 34 енді бірі 48 жаста еді. Олар бизнесмен емес еді, қожайындары жұмыстан босатып жіберген жұмыссыз адамдар болатын.

Ұсыныстарды іздеп табу маңызды

Бір адамның ақыл-парасатымен үлкен жұмысты тындыру мүмкін емес. Егер бұлай істесеңіз көптеген қиыншылықтарға жолығасыз. Өз жұмысыңыздың дамуы жөніндегі ұсыныстарды тыңдау өте маңызды. Бұдан өзге көпті көрген, көп дүниені білетін, тәжірибелі адамдарды табыңыз, олардан өзіңіз жолыққан мәселелерді қалай шешуге болатыны жайлы ақыл сұраңыз.

Старбакс сынды үлкен кәсіпорынның құрушылары Говард Шульц да қиыншылыққа жолыққанда басқалардан ақыл сұрап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап отырған.

Өз ісінің маманы болу керек

Кейбір MBA-лар(Іскерлік басқару магистрі) біздің сауда саласында білетін дүниелеріміз көп болғандықтан, біз тым көп біле бермейтін салада да табысқа жетуіміз мүмкін емес деп ойлайды. Егер дүниені өзгертетін адам болғыңыз келсе, білетін дүниелеріңіздің көп болуы жеткіліксіз, сіз өз салаңыздың маңдайалды маманы болуыңыз керек. Сіз өзіңіз жасамақшы болған дүниені тауып шығуыңыз және сол дүниенің бас білгірі болу ләзім, сонымен бірге сіздің зерттеуіңіз сол салада жаңалық ашу мүмкіндігі бар ма, жоқ па деген сауалға да жауап бере алуы керек.

Сергей Брин мен Ларри Пейдж Google-ды ашып, табысқа жетуіндегі ең маңызды қозғаушы күш – олардың іздеу маманы болғандығында. Пейдж: «Біз өзіміздің артықшылығымыздың пайдасын көрдік. Біз әр салада іздеу жасап көрдік, көптеген іздеу компанияларының адамдарымен сөйлестік. Сонымен, біз қазір болып жатқан оқиғалардың ақиқатына көзіміз жетті» дейді. Ол екеуі дәл сол сәтте өз тауарларын базарға қалай салуды білмеуі, дүниеге әйгілі үлкен компанияны қалай құрудан хабарлары жоқ болуы мүмкін, бірақ олар ғаламтордан өздеріне қажетті ақпаратты қалай іздеп табу керектігін әбден білетін-ді.

Жұмысты кішкентай істен бастаған жөн

Көптеген табысқа жеткен компаниялардың құрушылары жұмысты өздері жаңалық деп білген кішкентай істерден бастаған. Ашқан жаңалықтары мен жасаған дүниелерінің көбеюіне ілесе компаниялары да гүлденіп, үлкейіп отырған.

Virgin Group құрушысы Ричард Брэнсон өз ісінен табысқа жетуден бұрын қарапайым CD диск сатушысы болған. Михайл Дил IT саласының құрушысы болудан бұрын университет жатақханасында студенттердің компьютерлерін жөндеумен, құрастырумен айналысқан-ды. Ал, Уинфри Опра болса жергілікті телеарналардың бірінде тілші болып жұмыс істеген, оны Джиф Жакоф есімді адвокат өз бағдарламасын жасайтын компания құруға шабыт бергеннен кейін ғана оның тағдыры өзгерді.

Сіз жоғарыда айтылған табысқа жету амалдарын түсінсеңіз, өз ісіңізге ықпал ету күшіне ие тұңғыш қадамыңызды баса аласыз. Сонымен бірге бұл қадам дүниені өзгертуге жасалған тұңғыш қадам болуы да әбден мүмкін.

Аударған: Мейіржан Әуелханұлы

Дереккөз: Қытайдағы "Оқырман" журналының 2012 жылғы 12 саны

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan