Жадыңызда болсын - 3

Жадыңызда болсын - 3

Кейде оңай заңдылықтарды түсіне алмайтын кезіміз болады. Оны білген кезде "Бұрын-соңды неге ойламадым екен? Бұй ой басыма бұрын неге келмеген?" сынды ойға қаламыз. Мұндай ой сізде болмас үшін, оңай ұғылатын заңдар тізімін ұсынамыз. 

1. Пошта, фейсбук пен твиттерді күніне ең көп дегенде 2 рет тексеріңіз.

2. Адамды бақытқа бөлеп, қайғыға душар ететін де сөз. Сондықтан әр сөзіңізді махаббатпен таңдаңыз.

3. Сүйіктіңіз өмірден өз орнын тапсын десеңіз, оны қатты жақсы көріңіз. Сіздің оған деген ыстық махаббатыңыз биіктерге жетелейді.

4. Жалғыздықтың да рақаты бар.

5. Жаңа істі бастау немесе хобби меңгеру еш уақытта кеш емес.

6. Күн сайын жетіп жүрген жетістіктеріңізді жазатын күнделік бастаңыз.

7. Уәдеңізге берік болыңыз. Оны 100% сенімді болған кезде ғана бергеніңіз дұрыс.

8. Өсек сөзден аулақ жүріңіз.

9. Экономика мен саясаттың соңғы жаңалықтарын қадағалап отырыңыз.

10. «Белсенділер мен ақылдылардың арасында белсенділер жеңіске жетеді. Ал барлығы белсенді болған жағдайда, ақылды алға шығады». Сондықтан белсенділік пен ақылды қатар ұстаңыз.

11. Өміріңізде болған әрбір маңызды оқиғаны ой елегінен өткізіп отырыңыз. Олардан қандай сабақ алдыңыз?

12. Сіздің дамуыңызға ешқандай үлес қоспайтын істерден бас тартыңыз.

13. Денсаулығыңыз мықты болған сайын, бойыңыздағы күш-қуатыңыз артады. Ал күш-қуаты мол адам мына өмірге үлкен пайдасын тигізеді.

14. Менің үйім – өзімді жайлы сезінетін жерде.

15. Адамдарға бауыр басудан аулақ болыңыз. Еркін жүріңіз. Сүйген жандарыңызға 100% еркіндік беріңіз.

16. Аптасына бір күн өзіңізге демалыс жариялаңыз. Алдағы өмірде осы күндердің тәтті естелікке толы өткенін байқайсыз.

17. Рухани және материалды құндылықтарды тепе-теңдікте ұстаңыз.

18. Ұлы адамдардың өмірін оқыңыз.

19. Бір адамға өзі сұраған затын бере алмайтыныңызды білсеңіз, одан да ешнәрсе сұрамаңыз.

20. Сізді сатып кетсе, бар айып өзіңізде.

21. Сәтсіздіктерден қашып құтылу мүмкін емес. Бұл – өмірдегі ұстаздарымыз. Оларды жақсы көрейік.

22. Қатты сүрінген сайын, келесі жеңіске мықты дайындалу керек. Осы кезең «табысқа жету жолы» деп аталады.

23. Жүрегіңізге жақын адамдарға барынша ашық, ал сіздің құндылықтарыңызды бөлісе алмайтындардан аулақ болыңыз.

24. Кез келген келісімді қағаз бетіне түсіріңіз. Кейде адамдар ұмытып кетеді.

25. Өткен өміріңіздегі адамдарға мән бермеңіз. Олардың артта қалуының себебі бар.

26. Адамдарға жақсылық жасаймын десеңіз, ең бірінші өзіңізден бастаңыз.

27. Алдымызда кездесетін қамалдар күнделікті баспалдақтармен бірдей. Тек оларды аттап өту үшін өсуіміз керек.

28. Өміріңіздің соңында «неге жасадым?» деп емес, «неге жасамадым?» деп өкінесіз.

29. Жауапкершілік бар жерде, басшы болу бар. Басшы өзгелерге көбірек көмектесе алады. Ал адам өзгелерге көмектескен сайын өзін бақытты сезінеді.

30. Өмір шыңға шығумен бірдей. Қиын сәттер көбейе түссе, дұрыс бағытта келе жатқаныңызды біліңіз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен, wallon.ru 

Қ. Бүйенбай