- Негізгі бет
- Жаднама
- Колготкі өлшемін дұрыс...
Колготкі өлшемін дұрыс таңдайық
Әйелдердің тез тозатын бұйымдарының бірі – колготкі. Колготкінің түрлі-түсті, өрнектелген, кестеленген үлгілері арасында бүгінде таңдау мол. Бұл бір жағынан бұйымның қажетті мөлшерін таңдауға кедергі келтіріп жатады.
Ортақ нұсқаулықтар
Көп жағдайда колготкінің дұрыс өлшемін анықтауға арналған 1 мен 6 аралығындағы сандардан тұратын колготкінің өзіндік өлшемдік реті болады. Дұрыс таңдау жасау үшін өз салмағың мен бойыңның ұзындығын білу қажет. Ереже бойынша, қораптың сыртында бой, салмақ пен әр параметрге сай бұйым өлшемінің белгісі болады. Кестеге сай болмаған жағдайда немесе күмәнданатын болсаңыз, онда мөлшері үлкен колготкіні таңдаңыз. Егер кішкентай өлшемдегісін таңдайтын болсаңыз, қаншалықты созылғыш болса да, киген кезде жыртылып кетуі мүмкін.
Өлшемнің әріптік белгілері
Кейбір жағдайларда колготкі өлшемі: S, L, M, XL әріптерімен белгіленеді. Мұнда ең кішкентайы - S, ал ең үлкені – XL болып табылады. Бір өндірушінің бұйымының қорабындағы өлшем екінші колготкі өндіруші компанияның өлшемдерімен сәйкес болмайтын жағдайлар болып жатады. Бұл да колготкі өлшемін дұрыс таңдауға кедергі келтіреді. Сол себепті белгісіз марканың колготкісін сатып алмас бұрын өлшемі қалай анықталатынын біліп алған жөн.
Колготкі өлшемі киім-кешек өлшеміндей 40-тан 62 және одан жоғары сандармен белгіленуі мүмкін. 40 – XS өлшеміне сай, 42 – S және т.с.с. Кейбір жағдайларда әріптік және сандық белгілері бірдей көрсетіледі.
Өлшемсіз колготкі
Көптеген дүкендердің ассортиментінде «өлшемсіз колготкілерді» кездестіруге болады. Көп жағдайларда мұндай бұйымдар аяқта тырысып тұрады немесе бос тұрады. Сол үшін мұндай бұйымдарды сатып алудан бас тартқан жөн, өйткені колготкінің дұрыс өлшемін анықтауға арналған өлшемдік кестенің болмауы бұйымның сапасына күмәндануға негіз болмақ.
«Өлшемсіз колготкі» көбіне өлшемі 44–48 болатын орта өлшемдегі әйелдерге келеді. Кері жағдайда олар не үлкен, не кіші болуы әбден мүмкін.
Қалың колготкінің өлшемі
Қалың колготкілерді таңдағанда оның құрамына назар аударған жөн. Мұндай жағдайда 15-тен 150 Den-ге дейін баратын бұйымның қалыңдығы маңызды рөл атқарады. Ең үлкен белгі қысқы колготкіге тән. Қорабында тағы өлшемдік кестесі болуы керек, алайда колготкінің бір өлшемге артығын алу құпталады, өйткені мұндай бұйымның құрамына табиғи талшықтар (жүн, акрил және т.б.) кіреді, ал бұл бұйымды жуғанда отырып қалуына ықпал етеді.
Сурет: finewom.ru, colady.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina