- Негізгі бет
- Жаднама
- 16 жасыма хат!...
16 жасыма хат!
Егер де сіз өзіңіздің 16 жасыңызға хат жолдай алар болсаңыз, не деп жазар едіңіз? Осы сұрақ жақында өнер жұлдыздарына қойылып, толассыз жауаптар соңында дүниеге "Құрметті мен: Өзімнің он алты жасыма хат" (Dear Me: A Letter to My Sixteen-Year-Old Self) атты шағын хаттар жинағы келген...
Әлгі жинақта әйгілі өнер адамдары өздерін он алты жастағы қыз-жігіт ретінде, аңғал да саңғал, өздеріне сенімсіз жасөспірім ретінде сезінген. Ересек "мен" өзінің он алты жастағы "меніне" өмірде өзін қалай ұстау керектігі турасында, неден қашып, нені күту керектігін ақыл-кеңес түрінде жеткізуге тырысқан.
Бір қызығы, бұл идея бір аптаның ішінде бүкіл әлемге таралып кеткен көрінеді. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар өз-өздеріне хат жаза бастаған екен. Мүмкін, ол қатарда сіздің де өз он алты жасыңызға айтар бір ауыз сөзіңіз табылатын шығар...
* * *
Өнер жұлдыздарының хаттарынан кішігірім үзінділер келтіре кеткенді жөн көрдік. Әрине, бұл хаттардан олардың өмірі өзгеріп кетпейтіні анық, алайда, болашақ ұрпақтың (сіздің) өмірін өзгертуі әбден мүмкін.
Стивен Кингтің хаты:
"Қымбатты, мен! Мен саған 2010 жылдан жазудамын, алпыстан асқанда бір ғана кеңес бергім келеді. Шындығы сол, төрт-ақ ауыз сөз: есірткіден аулақ жүргенің дұрыс. Сен өте таланттысың, көп жұртты өз оқиғаларыңмен бақытты ете аласың, бірақ, өкінішке орай, бұл солай - сен соған қоса әдеттеніп кеткен нашақорсың.
Егер сен осы бір хатыма көз салмасаң және өз болашағыңды өзгертпесең, онда ең аз дегенде өз өміріңнің 10 жылында - отыз бен қырық жаста - түсініксіз бір тұңғиықтан табыласың, көп адамның көңілін қалдырып, өз жетістігіңе қуана алмайтын боласың. Бірнеше рет өлім аузынан қалуың да мүмкін.
Өзіңе қызмет қыл, неғұрлым бояуы жарқын жақта өмір сүр. Есіңде болсын, азғыру-алдануға қарсылық сенің жүрегіңді дәл махаббат секілді мықты ете түседі. Таза болып қал".
Хью Джекманның хаты:
"Қымбатты, Хью! Мен жай ғана сенің жай-күйіңді біліп (онсыз да біліп отырмын), "иә!" деп айту үшін саған хат жазуға бел будым. Мен саған болашақта жәрдемдесер бір нәрсені айтқым келіп еді. Кейбір кеңестерім күмәнді көрінуі де мүмкін.
Барлығы өзің ойлағандай болмайды. Білемін, қазір саған өміріңнің қалай көрініс алатынын ойлаудың өзі қиын. Және бұл сені естен тандыратыны да мәлім. Бірақ, ақиқат көрініс (реальность) сен күткен ең батыл ойлардан да асып түседі. Сен ғаламат бір әйелді кезіктіресің, оған сөз салу өміріңдегі ең бір батыл қадамға айналмақ...
Жай ғана өзіңді тыңда. Қазір қолыңа қағаз ал да, тізім жасауға кіріс: сен ұнататын 5 іс пен сенің қолыңнан жақсы келетін 5 іс. Ауысып отырады, бірақ, күндердің бір ғажап күнінде олар түйіседі. Және бұл сенің жолың болады.
Соған қарамастан жолдан адаспағанына сенімділік ұялатып отыру үшін, әрдайым тізім жасауды ұмытпа. Бар уақытта өзіңе келгенде қатал болуға, өзіңді итермелеуге тура келеді. Осыған абай бол. Сен өмірде өте бақытты боласың, өтінемін, осы бақыттың қай жақтан келіп жатқанын ұмытпа. Сені сүйемін.
Эмма Томпсонның хаты:
"Қымбатты, Эм! Мен түсінем, сен жассың, ғашықсың және бірде-бір ересек адам дәлме-дәл бір нәрсені айта алмайды деп ойлайсың, бірақ, дегенмен сен - бұл мен, яғни біз, не десек те, маған құлақ түр.
Елу жастан 16 жасқа айтатұғын ең басты кеңесім:
1. Ешқашан, ешқашан, ешуақытта диетаға отырушы болма. Мұның қаншалықты жаман екенін мен білемін, кафеде тұрып алып йогурт пен таза ауаның бір жұтымына (шын мәнінде, сол сәтте сен майлы қуырылған картоп пен ірімшік салатын жегін келіп тұрды) таңдау жасау дегеннің қаншалықты қаталдық екенін. Бұл үшін уайымдама. Жиі тамақтан, артық уайым-қайғыдан арыл және диетаға отыруша болма. Қанша жерден алғанмен осы мөлшерде қала бермексің, сондықтан, мұның бәрін таста, қыз-ау, қазірден таста. Сенші - бәріне бәрібір. Жай ғана өз-өзіңмен бол, осымен өмір сүрсең, көп уақытың мен көп күш-қуатыңды үнемдеп қаласың және бақытың арта түспек.
2. Ол саған сені сүймеймін деп айтып тұрса, сенуге тырыс. Сені сүймесін. Осымен бітті. Ал қалған қателіктеріңді бар алтыннан артық бағалаймын.
Сүйемін - Эм.
Джиллиан Андерсоннің хаты:
"Қымбатты, Джилли! Барлығы өзіңе байланысты. Мен бір нәрсені кеш түсіндім: сен өз бағаңды лайықты істермен ғана көтере алмақсың...
Сосын тағы, қымбаттым, өзіңді жақсы көрші, өзгелер туралы да ойла және бәріне рақмет айта бер. Сені сүйемін, саған сенемін, сені құрметтеймін. Мен. Сен. Біз.
P.S. Жігітіңнің артынан емес, армандарыңның соңынан ер...
* * *
Өз он алты жасыңызға не айтар едіңіз...
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: indispensabledepotoir.skyrock.com
Л. Лига