- Негізгі бет
- Тәмсіл
- 1 доллар -...
1 доллар - тәмсіл
Бізге берілген мүмкіндіктер туралы бір қызық тәмсілді назарларыңызға ұсынамыз.
* * *
"Үш қабатты вилла сатылады,
Теңіз жағалауында бассейні мен бақшасы бар.
Бағасы - 1 доллар"
"Сандырақ! - деп ойлаған Қаңғыбас, газетті лақтыра салды.
Тұрғын үйлердің ауласынан қалған-қатқан азықтарды іздестіріп жүріп, қабырғада ілінулі тұрған үлкен хабарламаны көрді.
"Үш қабатты вилла сатылады,
Теңіз жағалауында бассейні мен бақшасы бар.
Бағасы - 1 доллар"
"Көшірмесі ме? - деген күйі келесі үйдің ауласына кете барды. Бір уақытта ұзын көше бойына шыққаны сол еді, үлкен баннерге көзі түсе кетті.
"Үш қабатты вилла сатылады,
Теңіз жағалауында бассейні мен бақшасы бар.
Бағасы - 1 доллар"
Қаңғыбас ойланып қалды. Басына бір қызық ой келді де, қандай ғана ақымақтың мұндайды жазары таңданысын тудырып, барып көруге бекінді. Жоғалтатын ештемесі қалмап еді, тек қалтасындағы соңғы бір доллар болмаса.
Мекен-жайға келсе, сол айтылған вилла тұр екен. Қоңырау шалды. Бір келісті келіншек келіп есікті ашты.
- Кешіріңіз! Мен хабарландыру бойынша. Онда жазылған ұтыс (розыгрыш) болды ма?
- Иә, иә! Бәрі дұрыс.
- Мен бағасы бойынша келіп едім. 1 доллар? Солай ма?
- Иә. 1 доллар. Егер қызыққан болсаңыз, үйді кіріп көрсеңіз болады.
Әрине, Қаңғыбасқа бәрі ұнады, сосын ол жалғыз долларымен керемет вилланың қожайыны атанып шыға келді. Бірақ, соған қарамастан, неге мұнша аз сұралғанын білгісі келді? Бұл сұрағына күле жауап берген келіншек, былай деді: "Менің күйеуімнің өлер алдында өсиетнамасы бойынша, мен біздің вилланы сатып, түскен қаржыны көңілдесінің жеке есепшотына аударуым тиіс болатын. Мен солай істедім де! Хабарландырудың тұрғанына жарты жыл болған еді және сол аралықтан бері мән беріп қараған жалғыз адам өзіңіз болдыңыз. Сізге бар жақсылық!"
Келіншек үйді тастап, кете барды.
* * *
Барлығымызға мүмкіндік беріледі!
Ол үшін жай ғана мүмкін емес мүмкіндерге Сену қажет.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: kaliningraddaily.com