- Негізгі бет
- Сән
- Металл жылтыры -...
Металл жылтыры - жаңа тренд
Осы көктемде жарқын түсті, жылтыраған металл киімдері сәнде. Жарқырауға дайын болыңыздар.
2013 жылдың көктем-жаз маусымдарында металл түсті киім, аяқ киім, аксессуарлар өте сәнді болады. Бір түсті жылтыр көйлектер, белдемшелер мен жейделерді күндіз киюден ұялмай, оларды көзге түсетін сөмкелер мен аксессуарлармен үйлестіріңіз. Металл түстес аяқ киім салтанатты кештер үшін ең дұрыс шешім.
Жалтыраған киім топтамалары жоғары сән үйлерінің бәрінде бірдей болды. Burberry, Lanvin, Dior мен Jenny Packham ұсынған жылтыраған сырт киімдер, көйлектер, аяқ киімдер мен аксессуарлар көздің жауын алады.
Viktor & Rolf, Dries Van Noten, DKNY
Alberta Ferretti, Lanvin, Christian Dior
Jenny Packham
Jonathan Saunders
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер:cosmo.com.ua
С. А