- Негізгі бет
- Сән
- Белдік таңдай аласыз...
Белдік таңдай аласыз ба?
Ер жігіттерге арналған белдік жай ғана аксессуар емес, бұл оның дәрежесін, сәнін көрсететін бұйым. Белдік таңдауыңызға да көп нәрсе байланысты.
Белдіктің түрлері:
Белдікті 4 түрге бөліп қарастыруға болады. Белдікті киген киіміңізбен сәйкестендіріп тағыңыз.
Спорттық белдік өте аз кездеседі. Бұл белдік көбіне резеңке, джинсы және басқа да синтетикалық маталардан жасалады. Егер де киіміңіз костюм немесе көйлекпен киілген джинса болса, кимегеніңіз абзал. Егер де спорттық түрдегі белдікті джинсымен таққыңыз келсе, үстіңізге жеңіл жейде киіңіз.
Былғары белдік таза былғарыдан жасалады. Былғары аз ғана өңделіп, шет жағы дөңгелектеніп қиылады. Былғары белдікті тағып көрмес бұрын, қолыңызға алып міндетті түрде тартып көріңіз. Егер де белдігіңіз екі сантиметрден артық созылса, бұл белдік сапасының төмендігін білдіреді. Тартылмаса да болмайды, себебі қатты белдік беліңізді қысып, зақым беруі мүмкін.
Casual стиліндегі белдік - бұл белдік көбіне джинсыдан жасалған киімдерге арналған. Әртүрлі материалдардан дайындалуы да мүмкін. Әр түрлі формада жасалынған белдіктің айылбасы casual стиліндегі белдікті ерекшелеп тұратын жері болып табылады. Белдіктің ені 2-6 сантиметр аралығында болып табылады.
Классикалық шалбарға арналған белдіктер жоғары сапалы таза былғарыдан жасалады. Белдік жаны дөңгелектеніп кесіліп, тегіс тігісті болады. Айылбасы бір түсті металдан жасалынады. Белдіктің ені 4-5 сантиметр аралығында болып келеді.
Түпнұсқа былғарыны көшірмеден қалай ажыратуға болады?
Былғары белдікті көшірмеден ажырату қиынға түспейді, бар болғаны белдің ең шеткі бөлігіне көңіл бөліңіз. Көшірме белдікте шеткі бөлігі жинақы түрде тігіліп қойылады. Кесілген бөлікті таба алмайсыз. Шынайы былғарыны тігіп жатпайды, жай ғана дөңгелектеп кесіп қояды. Тағы бір атақты әдісі белдіктің бір бұрышын отпен жағып көріңіз. Түпнұсқа былғары өртенбейді.
Белдік таңдауда ескеріңіз:
1. Белдігіңізде көптеген бөлшектер болса, күнделікті киілетін белдіктер қатарына жатады.
2. Casual стиліндегі киімге тоқыма белдік киюге болады, бірақ, іскер стилінде киінетін болсаңыз, бұл белдіктен бас тартыңыз.
3. Былғары қоспасы бар жұмсақ белдіктер классикалық стильге сәйкес келмейді.
4. Егер бай отбасыдан екендігіңізді көрсеткіңіз келсе, атақты брендтердің логотипі бар айылбас қолдансаңыз болады.
5. Байсалды жігіт ретінде көрінгіңіз келсе, 4-5 сантиметр ені бар белдіктер тағыңыз.
6. Иыққа ілгішпен белдікті қолдануға болмайды.
7. Қымбат киімді қалтаңыз көтермейтін болса, белдіктің қымбатына жүгірмеңіз. Бұл сіздің стиліңізде кемшілік тудыруы мүмкін.
8. Белдік костюмге немесе шалбар түсіне емес, аяқ-киім түсіне сәйкестендіріп алынады.
9. Классикалық стильдегі шалбар кисеңіз, міндетті түрде белдікті тағыңыз.
Суреттер: www.elizab.com, www.faqlife.ru
a. aaa