- Негізгі бет
- Сән
- 2013 жылдың үздік...
2013 жылдың үздік қол сөмкелері
2013 жылдың көктемінің шығуына бар болғаны бір айдай ғана уақыт қалды. Көктемді ерекше күтіп жүрген арулар наурыз шығысымен-ақ қайта гүлдейді, көктейді. Ал сіз көктем мезгіліне дайынсыз ба? Сәнде қандай киімдер шығып жатқанынан хабардар боларсыз? Ал қол сөмкелер жайында ше? Биылғы көктемгі сәнді қол сөмкелер мыналар.
Үлкен сөмкелер. Көбіне ашық түсті үлкен қол сөмкелер адамға ерекше көңіл-күй сыйлайды. Киім түсіне сәйкестендірсеңіз, одан да тамаша!
Іскерлік қызметтегі сөмкелер. Биыл іскери қызметтегі портфельдер мен дипломаттардың былғарыдан жасалғандары сәнге айналуда. Папка тәрізді сөмкелерді де айта кету жөн. Бастысы - жұмысыңызға қажетті құнды қағаздарыңыз мыжылып қалмаса болғаны.
Күнделікті өмірге арналған қол сөмкелер. Қол сөмкесіз көшеге шығатын ару кем де кем болар. Егер дүкенге, не сауда орталықтарына баратын болсаңыз, онда кішкентай ғана қол сөмке ұстасаңыз да жетеді. Ақшаңыз бан картаңыз сыйса, болды!
Кешке арналған сөмкелер. Түрлі отырыстарға және қонаққа барғанда аздаған косметикаңыз бен майда-шүйде заттарыңыз сыятын сөмкені ұстаңыз. Сөмкенің қалың болуының онша қажеттілігі жоқ.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: inmoment.ru
А. Әбілхан