- Негізгі бет
- Денсаулық
- Биік өкшеден шаршасаңыз...
Биік өкшеден шаршасаңыз
Биік өкшелі аяқ киімнің бар зиянын біле тұра, сәнді туфлилерге жоқ дей алмайсыз ба? Кешке аяғыңыз ауырып, үйге келгенде, мына жаттығуларды жасасаңыз, биік өкше зардабынан 5-ақ минутта арыла аласыз.
Әр жаттығуды 1 минут шамасында орындаңыз.
1. Жерге отырып, табандарыңызды қабырғаға тіреңіз. Қажет болса жастықшаға отырсаңыз болады. Денеңізбен алға барынша еңкейіп, башпайыңызды ұстауға тырысыңыз.
2. Түзу тұрып, алдыға оң аяқпен бір қадам жасаңыз. Сол аяғыңызды сәл көтеріп, дәл суреттегідей қойыңыз. Бір сәтке осылайша қатып қалып, кейін аяқтарыңызды ауыстырыңыз.
3. Орындыққа отырып, сол аяқты оң тізеге айқастырып қойыңыз. Оң қолмен сол аяқ саусақтарын уқалаңыз. Басқа аяқпен де дәл осылай қайталаңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: donbass.ua, realsimple.com
С. А