- Негізгі бет
- Сән
- Киім мен аяқ...
Киім мен аяқ киімдерді қанша уақыт сақтау керек?
Гардероб пен үйдің ыбырсып кетуіне көбіне біздің қандай да бір киімдерден бас тарта алмай, қажет болып қалар деген ниетпен сақтап жүретініміз себеп болып жатады. Үйде қажет емес заттар мен киімдерді сақтаудың қажеті жоқ дегенмен бәрі келіседі, алайда оның қажет емес екенін қалай нақты білуге болады?
Бұл жерде бірнеше ортақ ережені шығару қажет, сол арқылы қажетсіз дүниелерден бас тартуға бел буыңыз.
Біз көбіне киімдер мен аяқ киімдерді тастауға, не біреуге беруге қимаймыз. Кейде тіпті бізге өлшемі келмей қалса да, сәннен шықса да, бүлінсе де қажет сияқты көрініп тұрады. Оларды неге сатып жібермеске, бере салмасқа немесе тастай салмасқа?
Біз сіздерге олардан бас тартуға 5 себепті ұсынамыз:
1. Бұл киім сізге ұнамайды. Шкафты жаныңыз қаламайтын бұйымдармен толтырудың қажеті қанша? Оны сіз кимейтініңіз анық. Сондықтан тез арада құтылыңыз.
2. Бұл сәннен шыққан. Бәлкім, бір кездері өте сәнді киімді сатып алып, әдемі болып жүрген шығарсыз. Бұл кезең өтті, және бұл зат қазіргі гардеробыңызға мүлде сай емес, жақын арада да сәнге кіруі екіталай. Жергілікті театрға бере салыңыз.
3. Бұл киім бір жыл ішінде киілмеді. Мұндай киімдер киім сөресінің жартысын алып тұр. Сіз сол қажеті жоқ киімдерді әйтеуір бір себептермен: имидж ауыстырғанда, сымбатыңыз қайта түзелгенде, үйлесетін басқа киім сатып алғанда киетін сияқты боласыз. Шын мәнінде сіз сол киімдердің біреуін де кимейсіз. Олардан құтылғаныңыз артық. Одан да бүгінгі заманда кигіңіз келетін киім алсаңыз дұрыс болады.
4. Бұрынғы мұқтаждық жоғалып кетті. Егер бұрынырақта классикалық үлгідегі киім талап етілетін жұмыста істесеңіз, ал қазір йога жаттықтырушысы қызметіне өз қалауыңызбен ауысып кетсеңіз сөреде жиналып тұрған ақ көйлек, қара юбкалар сізге қажет емес.
5. Ыңғайлы емес. Бұл жемпірді кигенде сіздің денеңіз қышынып, ал мына блузканы кигенде теріңізді қажап тастайды, ал туфли аяқты қажап, қысады. Біз сән үшін кейбір қиындықтарға қарсы келеміз. Бірақ бәрінің де шегі бар. Егер өзіңізді шын мәнінде сыйласаңыз бұл заттарды тастап, өзіңізге ыңғайлы болатын жаңа киім сатып алыңыз.
Ескі-құсқы киіммен керемет естеліктеріңіз болса да, оларды құр сақтаудан ештеме ұтпайсыз. Өз гардеробыңызды өзіңізге ұнайтын, жарасымды, ыңғайлы киімдермен толтырыңыз.
Дайындаған: Анар Мұстафина
А. Құлтай