Жаз мезгіліне арналған түрлі-түсті маникюр

Жаз мезгіліне арналған түрлі-түсті маникюр

2014 жылы сәнге айналған түстер туралы бұған дейін жазған едік. Енді сол түстерді бір-бірімен үйлестіруді үйренейік. Осы күндері қыздардың қолына назар аударсаңыз, маникюр үшін бірнеше түстің қолданылғанын байқайсыз. Ал суреті бары, тіпті, керемет көрінеді.


Егер біртекті түстерді ұнатпайтын, эксперимент жасаудан қорықпайтын жан болсаңыз, сәнді француз маникюрін бірге жасайық. Мұнымен қатар ай тәрізді маникюр де тартымды көрінеді.


Бұл маусымда кез келген жолақтар сәнде. Олар көлденең, тік болуы мүмкін. Және бір емес бірнеше түсті қатар пайдалануыңызға болады.


Осы жазда сәнге айналып отырған трендтердің бірі – ою-өрнектер. Тырнақты бірнеше бөлікке бөліп, әр бөлігіне майда оюлар салыңыз.

Мұнымен қатар ою-өрнекті барлығына емес, тек бірнеше тырнағыңызға ғана салуыңызға болады. Ал егер тырнағыңыздың нәзік көрінгенін қаласаңыз, гүлді суреттерді таңдаңыз. Гүлдерді кез келген түстің үстіне салуға болады.

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: passion.ru

Қ. Бүйенбай