Жазғы сарафан – 2014: 20 сәнді үлгі

Жазғы сарафан – 2014: 20 сәнді үлгі

Жаз мезгілінде сарафанның таптырмайтын киім екеніне ешкім шүбә келтірмейді. Бұл биязы, жеңіл көйлек ыстықтан қорғайтынымен қатар, өте әдемі және ешқашан сәннен қалмайды. 2014 жылдың жаз маусымында қандай сарафандар сәнде екенін талқылайық.

Бұл маусымда сарафандарға әртүрлі гүлді және өсімдікті принттер оралды. Бұл әсіресе жазғы көңіл-күйге сай. Романтикалық және аздап жеңілтек гүлді сарафан сізді жазда болмаса қашан қуантады? Ол еденге тиіп тұратындай ұзындықтағы салтанатты болуы мүмкін немесе TopShop-тікіндей қысқа және жарқын болуы мүмкін.

Этникалық стиль – бірнеше маусым бойы өзектілігін жоғалтпай келе жатқан тренд. Motivi ұсынған жазғы бейнелер этникалық стиль шеңберінен алыстамауды ұсынады.

Жаз 2014 нәзік ашық реңктер мен пішімдегі минимализмге негізделген деп алдыңғы көйлектерге қатысты материалымызда жазғанбыз. Көптеген қыздардың сүйікті Mango бренді де осы ережеден ауытқымауды жөн көріпті.

Ашық декольтенің орнына 2014 жылы модельерлер екпінді арқа тұсындағы ойыққа жасауды ұсынады. Kira Plastinina ұсынған сарафандарға тек тамсана қарауға болады. Ол қыпша бел мен түзу келбетті айқындап қана қоймай, күнге күйген қара торы теріңізбен мақтануға мүмкіндік береді.

Түзу пішімді сарафандар және минимализммен қатар, күрделі пішімдер де өзекті. Ол шілтер, желбіршек, баска, қосетектермен безендіріліп, түрлі бөлшектерден тігілуі мүмкін. Айтпақшы, сарафан кеудесіндегі түрлі декор төсті үлкейтіп көрсетуге септігін тигізеді. 

Diesel белгісі өз сарафандарында былғары ендірмелерді пайдаланады. Мұндай киімді түсте ғана емес, той-жиынға киюге де болады. Ал жарқындығымен ерекшеленуді қалайтын қыздар, Kira Plastinina–дан неон түрлі-түсті ассиметриялы сарафандарына назар аударса болады. Олар көңіл күйді көтеріп, қызықсыз күнді шаттыққа бөлейді.

Тағы бір табыс кілті – ассиметриялық аспа бау, салтанатты желбіршек пен жарқын гүлді принттердің үйлесімі. Бірнеше трендтерді алмастыру өте сәнді және өзекті бейне қалыптастыруда үлкен септігін тигізеді. Мұндай мүмкіндікті Mango дизайнерлері жақсы пайдаланып қалған.

Джинсы киімдері де өз өзектілігін жоймауда, соның ішінде сарафандар да. Бұл маусымда түрлі түсті және әртүрлі үлгідегі деним сәнде. Мысалы Diesel белгісінде кез келген талғамға сай келетін үлгілер ұсынылған: street style және гранжға жақыны да, биязы пішімдегісі де. Ал мұндай бейнені жакет және аксессуарлармен толықтыруға болады.

Сурет: www.fashiontime.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina