Сеул жастарының сәні

Сеул жастарының сәні

Көптеген қазіргі корей телехикаяларынан байқаған боларсыздар, корей жастары сәнді киінуден бұрын ерекше киінуді ұнатады. Олар киім арқылы өз даралығын көрсеткісі келетіндей. Жемпір кисе де ең ашық түсін, колготкінің де қасақана жыртылған түрлерін таңдайды. Бүгін біз Оңтүстік Кореяның бас қаласы Сеул жастарының көше сәнін бақылап көреміз.

Көптеген жергілікті сәнқой қыздар түстер екпінімен тәжірибе жасағанды ұнатады – мысалы, қара total look пен металдандырылған маталардан тігілген ашық реңкті скинни шалбар

Тор әрдайым өзекті тренд болып қала бермек, бірақ оны асқындатудың қажеті жоқ – бір ғана аксессуар, айталық, ерекше береттің өзі жеткілікті

Түрлі стильдерді үйлестіру Сеул жастарында да белең алуда

Ақ-қара ерекше үстемемен тағы бір «тор бейне»

Біркелкі тор мұнда жұмсақ свитшотпен және қоңыр ботильонмен әдемі үйлескен, бірақ перчаткалар ыдыс жууды еске түсіретіндей

Екі түрлі гүлді принт ұтымды үйлесіп тұр, ал қалпақ, тренч және винтаж портфель жартылай ретро-бейне

Әдетте телпек пен тельняжка балықшылардың бейнесіне тән. Алайда балықшылар шашы боялған мына жігітті маңдарына жолатпас...

Ал мына қызға британдық «екпінді» басқа ретро жақынырақ екен

Корей сәнқойлары қарапайым бейненің өзін «жандандыруға» тырысады – көк скинни шалбар, қарапайым ақ майка, қысқа тон және «өзгешелік» ретінде әдейілеп жыртылған «тесіктер»

Бұл бейне сандықта жатқан ескі киімдерді үйлестіру деп аталады

Мына жұптағы қыздың бейнесі осы көктемнің сәнді тенденцияларына сай, жігіт те қалыссын ба, түрлі түсті, бірақ пастель реңктер бір-бірімен керемет үйлесім тапқан

Мына бейнеде свитшот маңызды «реттеушінің» рөлін атқарып тұр – оны блузкаға алмастырса, қыз бір сәтте түрленіп шыға келеді.

Әртүрлі торлар бір-бірімен үйлесе бермейді, бірақ ортақ реңктерді басшылыққа ала отырып, тәжірибелер жасап көруге болады. Дәл мына суреттегідей. Дизайнерлер туфли мен шұлықты үйлестіруді жақында ғана ұсынып еді, корей сәнқойлары мұны бірауыздан қолдай кеткен сыңайлы

Kenzo-ның фирмалық жолбарысы бейнеленген свитшоттарды Корея мен Жапонияда қатты жақсы көреді, сонымен қатар американдық және европалық сәнқойларға қарағанда жергілікті қыздар оны қарапайым киімдермен үйлестіруді қаламайды

Клатчтағы No Love жазуына қарамастан, қыздың басы бос емес сыңайлы және өзі сияқты сәнді серігімен бірдей киінуге ұмтылады

Оң жақтағы қыздың тор колготкісін былғары леггинске немесе қара жыртылған скинни шалбарға ауыстырғанда бейнесі бұдан бетер ашылар ма еді...

Суық күнде сеулдік сәнқойлар тонға оранбай, бірнеше қабат киім киюді жөн көретін сыңайлы және әлбетте шұлықсыз ешқайда шықпайды

Бүгінгі таңда сәнді таби бәтіңкесі болмаса, мына бейне классикалық саналар еді

Мына екі жұптың талғамдары ұқсас сыңайлы – оверсайз пальто, қара скинни, байсалды түстер гаммасы

Ал мына бейнені осы көктемнің басты look-ы деуге болады – сұр оверсайз-пальто және слипондар (дәл осылар көктем-жаз 2014-тің басты хиті болады деп күтілуде)

Бірнеше қабатты бос киімдер мен бос жіберілген шаш шамандардың бейнесін еске салады

Жалпы оверсайз пальтолар Сеулде өзекті сияқты. Мына қыздың бейнесі тіпті өткен ғасырдың 40-жылдарына тән

Сеулде, сонымен қатар, 80-90-жылдардағы американдық стильдің жанкүйерлері де аз емес

Қара total look-ты ерекше детальдармен жандардыруға болады, мына жағдайда бұл – кеда мен бас киім

90-жылдардағы Американың тағы бір жанкүйерлері. Жақсылап қарасаңыздар, жұп ұқсас киімдер киіп қана қоймай, бірдей шұлық киген, неткен сәнқой десеңіші...

Жалпы сәнқойлардың американдық стильдерге еліктеушілігі қатты байқалады

Комбинезонды ішікпен кию – елестетуге болады, бірақ косуха мен тренчты үйлестіру тек корейлердің қолынан келетін шығар

Мына қыз да ерекше ретро-бейне жасауға тырысыпты, бірақ аяқ киімді өзгерту керек сыңайлы

Бір қарағанда қарапайым, бірақ стильді casual-бейне сұр клатч пен этно-принттің арқасында ерекшеленіп тұр

Киімді ғана емес, бет-әлпетті түрлендіруге де корей сәнқойлары ерінбейді

Мына қыз принттерді үйлестірудің шебері екен

Асимметрия, қара түс, көп қабат пен сом аяқ киім адамдарды өзіңе қаратпай қоймайды

Жазулары бар киімдер мен аксессуарлар өзекті трендтердің бірі

Джинсілік комбинезондар бұрынғыдай сәнде. Ал оны қайықша, конверт-клатч және ақ жейдемен үйлестіру арқылы бейнені түрлендіріп жіберуге болады

Оң жақтағы қыздың киіміндей киім табу үшін біраз еңбектену керек шығар

Біркелкі қара-ақ бейнені бір ғана жарқын екпінмен «сұйылтуға» болады, мысалы, қызыл немесе басқа ашық түсті қайықшамен

Ерекше аксессуардың кез келген байсалды стильді түрлендіріп, нұрландырып жіберетін қасиеті бар. 

Сурет: lady.mail.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina