Тюрбан: шығыстық сарын

Тюрбан: шығыстық сарын

Көптеген елдерде тюрбан символикалық мәнге ие және оны тек нақтылы ниетпен тағады, оның ішінде діни негізде. Және тағу амалына байланысты байлау тәсілдері де әртүрлі. Бүгінде тюрбанды діни сеніміне және нақтылы амалдарына байланыссыз кез келген адам таға алады. Және бұл бас киім кез келген матадан, кез келген түстегі орамалдан байланады.

Көп жылдар бойы тюрбан сәнқой қыздардың сұранысына ие бұйым болып келеді. Стильдер мен сән бағыты қанша ауысса да тюрбан көптеген коллекциялар мен көрсетілімдерде әлі қолданылып келеді. Сонымен қатар, шаш үлгісіне көңілі тоймайтын қыздар үшін таптырмас әмбебап бұйым.

Басқа тюрбан байлап, әшекеймен көркемдеу арқылы салтанатты кешке, қонаққа де бара аласыз. Тюрбан үшін 90х90 сантиметрлі мата дәл келеді. Матаны орап, екі шетінен алыңыз да желке тұсыңызға қойыңыз. Екі шетін алға қарай тартып, ұзындығы бойынша тегістеңіз. Маңдай тұсында айқастырып, тартыңыз да екі шетін артқа, желкеге қарай тартыңыз. Желке тұсында түйіншік жасап, бос шетін мата бүрмесінің астына тығып қойыңыз. Бұл тюрбан байлаудың ең оңай тәсілі.

Бұл бас киімді түрлі маталар немесе орамалдардан байлауға болады. Егер сіз жібек немесе жеңіл мата таңдасаңыз, тюрбан байлау қиынға түседі, өйткені ол сырғанай беретін болады. Егер мата жұқа болса – тюрбан кішкентай әрі нәзік болып шығады. Бірақ бас пішіні кішкентай аруларға осы үлгі жарасады. Тығыз немесе ұзын матадан немесе орамалдан көлемді тюрбан байлауға болады.

Тюрбан байламас бұрын оны қандай киімдермен үйлестіретініңізді және стиліңізді анықтап алыңыз. Соған байланысты матаны да, көлемді де таңдайсыз. Бастапқыда үйреніп алу үшін тығыз мата қолданған жөн.

Тюрбанды жазда ыстық күннен қорғану үшін, ал қыста жел мен суықтан қорғану үшін тағуға болады. Қазірде тюрбанды мойынға тағатын көлемді әшекейлермен үйлестіру ерекше сәнде. Егер өзіңізге жарасатын түс пен тығыздығы сәйкес матаны пайдаланып, тюрбан тақсаңыз бейнеңіз сәнді әрі заманауи көрінетін болады. Мұндай сәнді бұйым нәзік жанды арулардың биязылығы мен биік талғамын айқындай түседі.

Тюменде тюрбан байлаудың бірнеше үлгілері көрсетілген:

Сурет: stockingclub.net

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina