Қас пішінін түзету

Қас пішінін түзету

Қасыңыз жұқа немесе пішінсіз болса, еш мұңаймаңыз. Оны түзетудің жолдары бар.

№1 мәселе: түзу қастар 


Шешім: Бірден қысқышты алып, қасыңыздың пішінін түзетуге асықпаңыз. Табиғи қалпын өзгертпей, жан-жағын сәл ғана ретке келтіріңіз. Егер қасыңыз келбетіңізді жабырқаңқы етіп көрсететін болса, төменгі бөлігіндегі түктерді жойыңыз. Келбетіңіз бірден өзгереді. Бірақ қасыңыз көзіңіздің үстінен жоғары орналасқан болса, ондағы түктерге тиіспеңіз.

Мамандар кеңесі: қастарыңыздың жылдам өсуін тоқтатып, шеткі бөліктері айқындала түссін десеңіз, түктерді бір бағытта  ғана жұлыңыз. Мұндайда көмекшілеріңіз – қасқа арналған далаптар, қайшы, қысқыш, қылшақ (щеточка) және балауыз (воск).

№2 мәселе: пішінсіз қастар


Шешім: Қасыңыздың түсіне сәйкес келмейтін қарындаш алып, қалаған формаңызды сызыңыз. Кейін жан-жағындағы артық түкті алып, қылшақтың көмегімен қасыңызды жоғары қарай тараңыз. Егер жұлсаңыз, қысқарып қалатын болса, қайшыны пайдаланыңыз.

Мамандар кеңесі: қасыңыздың шеттері айқын білініп тұру үшін ақшыл сары түсті қарындашпен шеттерін сызып қойыңыз. Біріншіден, қарындаш үстіне жағылған далапты жақсы ұстайды, екіншіден, қас формасының иілген жерін жақсы көрсетеді.

№3 мәселе: қысқа әрі сирек қастар


Шешім: Сиректікті жою үшін қасыңыздың үстін түсіне сәйкес қарындашпен бастырыңыз. Оны пайдаланбас бұрын, тоңазытқышқа салып алсаңыз болады.

Мамандар кеңесі: қарындаштың көмегімен мәселені уақытша жөндегенмен, оны түбегейлі жоя алмайсың. Сол себепті майсана майын пайдаланыңыз. Майсана майы қасты қалыңдатып, өсімін жақсартады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: helpster.ru

Қ. Бүйенбай