Безеулер...

 Безеулер...

Пайда болу себептері

Теріде безеулер түрлі себептерден: тұқым қуалауға бейімділіктен, гормондардың әсерінен, майдың көптеп бөлінуінен, сондай-ақ асқазан  қызметінің бұзылуынан пайда болады. Тері майы ағзадағы май бездерінің сыртқа шығаратын саңырауларында тұрып қалып, бетте қара нүктелі дақтар мен қара безеулер ретінде көрінеді. Май бездерінің бітелген түтікшелері арқылы май сыртқа шыға алмай, түтік шеттерінде ағарған май тығындары пайда болады.  Оған микробтардың енуіне қолайлы жағдай туады. Ол жерде қабынған қызыл түйіндер көрініп, ол іріңдейді. Кейде оның көлемі ұлғаяды, ал оны сығып тастағаннан жағдайда,  орнында шешек ізіндей дақ қалады. Мұндай жағдайда тұрмыстық жағдайды дұрыс құрып, безеулерді қоздырмай  ем-дәм сақтау  және бет терісін күту  шарасын өздеріңіз қадағалап отыруға тиіссіздер.

Алдын алу шаралары

Ең бастысы – бір қалыпты ұйықтау, серуендеу, спортпен шұғылдану, дене шынықтыру. Осылардың бәрі мүмкіндігінше асқазан жұмысын жақсартып, безеулердің алдын алады. Егер бәсеңдеткіш заттар керек десеңіз, олар табиғи өнімдер: жеміс-жидектер, көкөністер, қышқыл минералды сулар. Таңертең аш қарынға бір стақан су ішкен дұрыс. Безеуі бар адамдарға жеміс-жидек, көкөністер күнделікті тағамы болуы қажет. Тағамның ащы немесе қышқыл болмағаны дұрыс. Безеуді өзіңіз шұқылап, түртіп жүрмеңіз: инфекция енгізіп алу қаупі бар.

Безеулерді қалай емдеуге болады?

Ең алдымен, күніне екі рет беттің терісін сабынмен әрі жылы сумен немесе тері майлы болса, лосьонмен үнемі тазартып отыру керек. Безеу түйіндерін маманның ашқаны дұрыс. Тек булы бұлаудан кейін ғана безеулерді пісекпен абайлап немесе екі мақта соқтасымен қысып, іріңін шығару керек. Содан кейін, міндетті түрде спиртпен сүрткен дұрыс.

Ақ безеулер

Бетте ақ безеулер жиі кездеседі. Олар көбіне көз қабақтарында, самай аймағында жиі кездеседі. Бұндай безеулер арқада да болады. Ақ безеулер көбінесе түйрегіштің ұшындай, ал кейде тарының дәніндей. Олар бір-бірлеп немесе топтасып орналасуы мүмкін. Ақ безеулер көбіне майлы теріде болады.

Безеулерден қалған тыртықтарды кетіру

Мұны терінің бетін шапшаң айналатын резеңке немесе болат щеткалармен тегістеу арқылы істеуге болады. Оны клиникалар мен косметика мекемелерінде жасайды. Безеулер белгілі бір уақыттан кейін жазылады, бірақ олардан қалған тыртықтар өздігінен еш уақытта кетпейді. Сондықтан безеулерді уақытында емдеткеніңіз абзал.

Сурет: liveinternet.ru

С. А