Бала сыны жайлы білесіз бе?

Бала сыны жайлы білесіз бе?

Қазақта көреген, данагөй кісілерге баласын емшекте жатқанында да, алғашқы мүшел жасқа толарында да сынатуды дәстүр санаған. Олар баланың дене бітіміне, тал бойындағы ерекше белгілеріне, жатысына, ұйықтауына қарай мынадай болжамдар жасаған:

Бір құлағынан екінші құлағы үлкен болса – күйші, маңдайы кең болса – жайдары; Құлағы мен аузының арасы жақын болса – өтірікші; Желкесінің шұңқыры үлкен болса – жалқау; Бас бармағы үлкен, сүйрік болса – сері; Бармағы майысқан болса – шебер; Бетінде қалы болса – балуан болады деп тұжырымдаған. Нәресте анасының омырауын тас қылып ұстап отырып емсе – сараң, алақаны ашық, алаңсыз емсе – жомарт, ер бала көзін ашып ұйықтаса – бақытты, жары сұлу болады деген. Қыз бала осылай ұйықтаса – күйеуі көрікті болып, бақытты өмір сүреді. Нәресте үнемі жастықтың үстінде ұйықтаса – ел басқаратын көсем; Көрпені тұмшалап орап ұйықтаса – ынжық; Шалқасынан жатып ұйықтаса – мінезі жайдары, ақкөңіл азамат болып ержетеді деп топшылаған. Аяқ-қолын төрт жаққа созып, бей-жай ұйықтаса – төрт құбыласы тең кемеңгер әрі батыр болады деп болжам жасаған екен.

Ендеше, сіздің үйдегі бөбектің жағдайы қалай?

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: kerekinfo.kz 

M. Auelkhan