Тұсқағаз жабыстыру. Кеңестер

Тұсқағаз жабыстыру. Кеңестер

Қанша қымбат тұсқағаз болсын, дұрыс, ұқыпты жабыстырылмаса, бәрібір үйдің сәнін бұзып тұрады. Сондықтан, тұсқағаз жабыстыруда абай болыңыз. Массагет.кз сайты сіздерге тұсқағаз жабыстыру жөнінде бірқатар кеңестер ұсынады.


  • Алдымен жұмыс барысында керек болатын құралдарды дайындаңыз. Олар: желім жағатын жаққыш (кисть), губка, сызғыш, щетка, пышақ, қағаз, метр, жабыстырғыш қалақша, жарықшақты ұлғайтатын қалақша, баспалдақ, үстел, тесіктерді бітейтін қалақша, шелек т.б.
  • Ормаманың реңі біркелкі ме? Осыны анықтап алыңыз. Ақауы жоқтығына көзіңізді жеткізіп алған соң, жұмысқа кірісіңіз.
  • Жаңа тұсқағазды жабыстырмас бұрын, ескі тұсқағазды алып тастау керек. Бұны жылдам жасау үшін ескі тұсқағазға ыстық су шашыңыз да, кепкенше 10 минут күтіңіз. Осыдан соң, қалақшаның не темір щетканың көмегімен тұсқағаз оңай алынады. Қабырғаны жоғарыдан төменге қарай тазалаған дұрыс. Ескі тұсқағазды алған соң, қабырғаның тесік жерлері болса, бітеу керек. Тұсқағазды тек құрғақ әрі тегіс қабырғаға жабыстыру қажет екенін есіңізден шығармаңыз!
  • Тұсқағазды жабыстыратын желімді дайындап алыңыз. Дәл сіздің тұсқағазыңызға арналған сапалы желімді сатып алыңыз. Қаптамада көрсетілген желімнің дайындалу әдісін, құрамын мұқият оқып шығыңыз.
  • Тұсқағазды жабыстырудың алдында оны жайыңыз, суреті көрші тұсқағаздың суретімен сәйкес келе ме? Осыған мән беріңіз. Тұсқағазды қабырғаның жоғары жағынан 3 см-дей артық қалдырып барып кескен жөн.
  • Енді желімді тұсқағазға жағыңыз. Тұсқағаздың барлық жеріне, әсіресе, шет жағына желімді жеткілікті мөлшерде, аямай құйыңыз. Желім сіңгенше, 10 минуттай күте тұрыңыз.
  • Тұсқағазды қабырғаға жабыстыруды бастаймыз. Қабырғаның жоғары жағынан бастап мұқият, асықпай төсемді жабыстырыңыз. Қабырғаның температурасы 20 градус болуы керек. Қатты ыстықта не қатты суықта тұсқағазды жабыстырмағаныңыз жөн. Бірінші төсемді жабыстыратын жерлерді өзіңізге көрінетіндей қылып қана белгілеп алыңыз. Тұсқағаздың бірінші төсемі тікесінен болуын қадағалаңыз.
  • Бұдан кейін резіңке валикпен тұсқағаздың үстін зырылдатып тегістен шығыңыз. Валигіңіз болмаса, жұмсақ шағын матамен де істеуге болады. Жабыстырылған тұсқағазды жоғарыдан төменге, ортасынан шетіне қарай тегістеген жөн.
  • Тұсқағаздың төменгі жағын плинтусқа қарай әкеліңіз де, артық тұсын кесіңіз.
  • Бөлме бұрыштары дәлме-дәл болмайтыны анық. Сондықтан тұсқағазды жабыстырғанда, төсемдерді бір-біріне бекіту керек.
  • Электр тоғы бар жерлерді жабыстырғанда, ең алдымен оларды тоқтан ажыратуды есіңізде ұстаңыз. Сосын қосқыштың жан-жағын қорықпай желімдей беруіңізге болады.
  • Батарея артына тұсқағаз жабыстырған кезде, ұзын сапты қалақша пайдалана аласыз.
  • Есік, терезе тұстарына жабыстырғанда да, дәлме-дәлдікті сақтаңыз.
  • Тұсқағазды екі адам болып жабыстырған дұрыс. Біреуі төсемді ұстап тұрса, біреуі жабыстырып тұрады. 

Сурет: remont-live.ru,blogforbuilder.ru

М. Оңғарова