"Қызғаншақтың махаббаты жек көруге көбірек ұқсайды"

"Қызғаншақтың махаббаты жек көруге көбірек ұқсайды"

Қызғаныш - құрт ауруы. Ол мыс қазандай қайнайтын азап оты.

М. Әуезов

Қызғаншақтық - сыртқа шықпай қоймайтын ішкі былық.

І. Есенберлин

Әркімнің мінген аты өзіне тұлпар, 

Әркімнің сүйген жары өзіне сұңқар.

С. Датұлы. 

Ғашық адам белгі берер түспен де - 

Ол білінер көзі көзге түскенде.

Ж. Баласағұни

Адамның өмір сүруіне кедергі келтіретін де махаббаттың түрі бар.

М. Горький

Сүю деген бір-біріне қарап отыру емес, екеуінің қосылып бір бағытқа қарауы.

А. Сент-Экзюпери

Адам жаны тұншығар ед ызадан,

Махаббатты қуып шықсақ біз одан.

Мольер

Терең сүю дегенің - өзіңді-өзің ұмытуың.

Ж. Руссо

Қызғаншақтық саяз ақылдың белгісі.

И. Бентам

Адамшылықтың алды - махаббат, ғаділет сезім.

Абай

Сүю - сүйген адамның өмірімен өмір сүру.

Л. Толстой

Үнсіз отырған екі ғашықтың әңгімесінен асқан қызықты еш нәрсе жоқ.

А. Турне

Оянбаған махаббат мақта сияқты бықсып жанар.

Сэккэки

Қызғаныштың бәрі анық - ал бірақ дәлелдері жоқ.

М. Лермонтов

Тұрақтылық - махаббаттың ежелгі арманы.

Л. Вовенарг

Қызғаншақтың махаббаты жек көруге көбірірек ұқсайды.

Ж. Мольер

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: facebook.com

А. Әбілхан