- Негізгі бет
- Психология
- 2013 жылға қандай...
2013 жылға қандай жоспар құрдыңыз?
Мамандар жүргізген сауалнама бойынша, арулардың басталған жылға жоспарлары көп жағдайда бірдей болады екен. Оларды топтастырып көрелік.
23% - Көлік айдау
Бастапқы кезге көлік айдап үйрену де жарап жатыр. Бұл да бір арманның орындалуының бастамасы емес пе? Мамандар көлік айдауды жазда үйренуге кеңес береді - күн ұзақ, ауа-райы жақсы, көліктер аз.
15% - Шет тілін үйрену
Біреу романтикалық француз тілінде сөйлеу жайлы армандаса, басқалары жұмысына қажет ағылшын не қытай тілін бағындырғысы келеді. Қалай болғанымен, шет тілін білу ешқашан артық болмайды. Аптасына бірнеше сағатты сабақтарға бөлсеңіз, келесі жылғы құттықтауларды басқа тілде айта алатын боласыз.
21% - Дәмді тамақ пісіріп үйрену
Қандай қыз жақындарын дәмді тағамдар мен тәтті бәліштермен қуантқысы келмейді дейсіз? Тіпті күндерін жұмыста өткізетін арулар үй шаруасы, аспаздық жағын да меңгерсем дейді.
41% - Ғашық болу
Ессіз ғашық болу - әр қыздың арманы. Жаңа жылда әр ару бақытын кездестіріп, махаббат сезімін танимын деп үміттенеді.
Енді басталған жыл жақсылық әкеледі деп сеніп, жаңа жылға артқан үміттеріміз орындалсын, қыздар!
Ал сіз жаңа жылдан не күтесіз?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: Thinkstock
С. А