23 ақпан... Не сыйлаймын?

23 ақпан... Не сыйлаймын?

Әйелдер қауымы үшін 23 ақпан қуанышты күн ғана емес,  "Не сыйласам екен?" деген бас қатыратын сұрақпен келетін шешуші сәт. Әкеңіздің, атаңыздың, ағаңыз не сүйіктіңіздің көңілінен шығамын десеңіз, пайдалы да ұнамды сыйлық тарту етіңіз. Дезодорант пен қырынуға арналған көбіктен шаршаған жігіттерімізге осы жолы ерекше сыйлық беруге тырысыңыз. Сіздерге көмек ретінде  шоқжұлдыз бойынша тарту таңдау ережелерін ұсынамыз.

Тоқты. Жұлдыздардың сабын бастайтын Тоқтылар әрқашан күтпеген сый мен таптырмайтын тартулар үшін риза болады, өздері де сондай сыйларды бергенді ұнатады. Егер сіз оған үйге, отбасына қажетті бұйымды сыйласаңыз, әрине ол сыпайы түрде алғыс білдіреді, дегенмен оның көңілі бұған тоймайды. Себебі, Тоқтылар - әдеттегіден тыс, тек өздеріне ғана арналған, ерекше сыйды қалап тұратын жандар. Ер­ Тоқтылар сіз сыйлаған  спорттық, техникалық және саяхатқа керек жабдықтар мен сәнді автомобиль аксессуарларына таңқалатын болады! Қандай тоқтамға келсеңіз де, сыйлық жылтыр қағазға оралған тосын сый болуы керек.

Торпақ. Бұл жандар әдемі және жанға жайлы орамалдарды, қолғап,  былғары бұйымдары мен әшекейлерді,­ қысқасы, күнделікті өмірді салтанатты етіп көрсететін заттарды ұнатады. Ер­ Торпақтарға қымбат галстук, көйлек, былғарыдан жасалған бұйымдар сыйлауға кеңес береміз.

Егіздер. Қуаныңыз, бұл жұлдыздың қожайындары сіздің бағыңызға орай, сыйлық талғамайтын көрінеді. Кез ­келген тартуыңызға қуанып, көңілдері көтеріңкі болады. Егіздер  сіз сыйлаған театр, концерт билеттерін, әуенді үнтаспаларды, кеңсе заттарын, соңғы үлгідегі техника жабдықтарын, әшекейлер мен аксессуарларды қуана қабыл алады. Айтпақшы, құлағыңызға алтын сырға! Егер сыйлығыңыз тым қымбат болмаса, бірден екеуін ұсынғаныңыз дұрыс, өйткені Егіздеріміз табиғатынан жоғалтқыш келеді, сіздің сыйлығыңызды да бір-­екі күннің ішінде жоғалтып алмасына кім кепіл?

ШаянШаяндар да Торпақтар секілді салтанат пен әсемдікті сүйеді. Сондықтан мұндай мерекеде олар туыстары мен жақындарынан киім, әшекей бұйымдары мен аксессуарларды күтеді. Әсіресе осы жұлдызда туылғандар фотоальбомдарға, құмыраларға қызығатын көрінеді. Жігітіңізді сапалы иіссу мен сәнді аксессуарлармен қуанту мүмкіндігіңіз бар.

Арыстан. Арыстандар өзгеден сыйлық алғанға қарағанда, өзгеге тарту еткенді ұнататын дархан көңілді жандар. Дегенмен, шынайы патшалар ретінде Арыстандар әсем, әдемі сыйлықтарды ұнатады. Мейлі ол аксессуарлар, киім, техника жабдықтары болсын. Ер ­Арыстандарымыз қыздар тарапынан қымбат аксессуарлар мен хош иісті иіссуларды күтеді екен! Сіз оған қандай сый берсеңіз де, өзіне кезек келгенде, ол сізге екі еселеп сыйлық сыйлайтын болады.

Бикештер. Бикештер күнделікті қолданысқа арналған тартуларды ұнатады. Олар күнделікті тұрмыста пайдаланатын­, үй шаруасына қажетті жабдықтарыңыз үшін қуанып қалатын болады. Ерлерге автосының күтіміне қажетті құралдар, гаджеттер, сәнді аксессуарлар сыйлағаныңыз абзал.

Таразылар. Таразылардың өзіне қажет емес сыйлықты өзгеге бере салатын әдеті бар. Сондықтан сізге тапсырма: сыйлығыңыз өзінде қалдыратындай ғана емес, айналасына мақтана көрсете алатындай болсын. Егер сүйіктіңіз болса, салғырт қарамағаныңыз жөн. Ер Таразылардың жанына стильді аксессуарлар және кеңсе заттары жақын.

Сарышаяндар. Сарышаяндар әдетте талғампаз келеді. Қорықпаңыз! Шын мәнінде олар кез­ келген сыйлыққа, әсіресе сіздің көңіл бөлгеніңіз үшін риза болады. Ер ­Сарышаяндарымыз экзотикалық сыйлықтарды, мысалы, шет елдерден әкелінген базарлықтарды, ерекше бұйымдарды ұнатады.

Мергендер. Мергендер де Сарышаяндарымыз секілді сыйлығыңыздан бұрын бөлген көңіліңізге назар аударады. Бұл жұлдыздың иелеріне саяхатқа керек жабдықтар, бейнекамера, фотоаппарат, фотоальбомдар, тіпті парашютпен секіру сертификатын сыйласаңыз болады.

Тауешкілер. Тауешкі мырзаларымыз да қолданысқа арналған сыйлықтарды алғанды ұнатады. Олар сыйлығының сапалы болғанына назар аударады. Ер ­Тауешкілеріміздің сіздің тарапыңыздан тарту етілген сәнді гаджеттер мен кеңсе заттарына және ерекше аксессуарлар үшін алғыс айтатынына шүбә жоқ.

Суқұйғыш. Суқұйғыштар өзіне керек заттарды арнайы тапсырыспен алғанды ұнататын жандар. Осы қағиданы бұзбай, сіз де арнайы каталог арқылы жаңа техникалық  жабдықтар мен көлік аксессуарларын тарту етсеңіз өкінбейсіз.

Балықтар. Балықтар үй мен отбасына арналған сыйлықтарға да, жеке басына арналған сыйлықтарға да риза болады. Алайда,  оларға берілетін сыйлықтың бір ерекшелігі болуы шарт. Қиялыңызды іске қосып, Ер балықтарға автомобиль аксессуарларын, сүйікті тобының концертіне билет немесе шет елден әкелінген бұйымдарды тарту етіңіз. 

23 ақпан - 8 наурыздың бастауы. Бұл күн нәзік жандылардың құласа, қорғаны, сүрінсе, сүйеуі болған Азаматтардың мерейлі мерекесі. 23 ақпанды қалай қарсы алсаң, 8 наурызды солай өткізесің... Сондықтан, құрметті әйелдер, қиялыңызбен санасып, кішкене ғана күш салыңыз, екі аптадан кейін сіздің де құшағыңыз сый-сияпатқа, жүрегіңіз шаттыққа толатынына сенімдіміз. 

Сурет miridej.ru сайтынан алынды.

Форумда талқылау.

С. А