- Негізгі бет
- Психология
- Жұмыстан кейінгі уақытты...
Жұмыстан кейінгі уақытты қалай өткізесіз?
Жұмыс күні аяқталғанына қуанып, үйге қайтуға асыққаныңызбен, жұмыстан кейінгі өміріңіз де ешбір қызықсыз, бірсыдырғы өтіп жатса, өміріңізге өзгеріс енгізуге асығыңыз. Жұмыстан кейінгі уақытты қалай өткізуге болады?
1. Жақсы фильм қараңыз. Жұмыстан қалжырап, шаршап келген болсаңыз, демалып жатып жақсы фильм көріңіз. Немесе арналардан жарыса ұсынылатын сериалдардың қызығына беріліңіз.
2. Ауа райына сай киініп алып, түнгі қаланың көрікті жерлерін аралаңыз. Немесе жай ғана аулаға шығып, таза ауамен серуендесеңіз болады. Достарыңызбен бірге қыдырсаңыз, тіпті жақсы, екі қоянды бір оқпен атып аласыз.
3. Кітап оқыңыз. Тілі жеңіл, ойға салмақ түсірмейтін қызықты кітап оқуыңызға кеңес береміз.
4. Сүйікті іс тауып алыңыз. Одан бұрын сүйікті ісіңіздің не екенін анықтап алыңыз. Бәлкім сіздің сүйікті ісіңіз үй жинау немесе әсерлі музыка тыңдау шығар?
5. Фитнес-клубтарға баруға қалай қарайсыз? Еркіңіз соқса, фитнес-клубтарға бару денсаулығыңызды жақсартып қана қоймай, сіздің заманауи адам екеніңізді де білдіреді.
6. Күнделік жазыңыз. Күнді қалай өткізгеніңіз туралы күнделігіңізге тізіп отырыңыз. Күнделік жаза отырып, тіл байлығыңызды дамытып қана қоймай, ойыңызды жинақы түрде жеткізуге, ерекше күндерді шатаспай есте сақтауға дағдыланасыз. Күнделік демекші, онлайн-күнделік болып саналатын блог та жазуыңызға болады.
7. "Қыстың қамын жаз ойла" деген мақалды өзімізше түрлендірсек, "Ертеңнің қамын бүгін ойла" болып шығады. "Адам көркі - шүберек" демекші, жұмысқа (сабаққа) ертең не киіп баратыныңызды шешіңіз.
Жалпы кешті демалуға арнаған жөн. Күні бойы еңбек етіп, шаршап-шалдыққан ағзаңызды демалтыңыз. Кешіңізді сіз қалай өткізіп жүрсіз?
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: vk.com
Р. Роза