- Негізгі бет
- Сымбат
- Денедегі безеулермен күресу...
Денедегі безеулермен күресу
Денедегі безеулер бет терісінде пайда болатын безеулерге қарағанда көрінбей, мазамызды алмайды, алайда ашық көйлектерге құмар жандар бұл оймен келіспес. Денедегі безеулермен қалай күресуге болады?
Өкінішке орай, безеулер тек бетімізде ғана емес, денемізде де пайда бола алады. Көп жағдайда арқа мен иықта, әсіресе жазда пайда бола бастайды. Бұл оңай түсіндіріледі: жаз, ыстық, кір, тері, шаң. Мына кеңестерге құлақ түріп, олардан сақтану амалдарымен таныс болыңыздар.
Бос, кең, мақтадан тігілген киім киіңіз
Жазда теріңіз демалу үшін жабысқан киімдерден гөрі, кең, бос және "дем алатын" маталардан тігілген киімдерді таңдағаныңыз жөн.
Душ жиі қабылдаңыз
Күнделікті душ теріңізді таза, сау сақтап қалудың бірден-бір амалы. Жазда душқа тіпті күніне бірнеше рет түссеңіз де болады. Суға түскенде жұмсақ иісті душқа арналған крем мен гельдерді қолданыңыз.
Теріні арнайы лосьонмен сүртіп отырыңыз
Тазалаушы лосьон, тоник не басқа да сұйықтықтарды тек бетке ғана қолданбай, арқа, иық терісін де тазартып жүріңіз. Майлы теріге арналған сұйықтықты қолдансаңыз болады. Лосьон терінің өлі жасушалары мен майлы қабатынан тазартады. Айта кетсек бұл дауаға бетке арналған сұйықтықтар әбден жарайды.
Жұмсақ пилинг
Денеде пайда болатын безеулердің басты себебі - өлі жасушалардың жиналуы. Сондықтан теріге жұмсақ пилинг дауасын аптасына бір-екі рет жасап тұрған дұрыс. Денеге арналған скраб көмегімен теріні өлі жасушалардан тазартып, жұмсартып тұру керек. Құрамында жаңғақ майлары, қант, тұз кристаллдары бар скрабтар өте әсерлі болады.
Терлеуден қорғану
Жаздың аптап ыстығында дезодарантсыз жүре алмассыз. Құрамында спирт пен парабен жоқ дезодорант таңдаған дұрыс, себебі олар теріні қоздыра алады. Кейбір дезодаранттар терлеуден ғана қорғап қоймай, микробтарға қарсы антисептикалық қасиеті де бар.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: glamius.ru
С. А