Оқушылар не себепті төбелеседі?

Оқушылар не себепті төбелеседі?

Мектепте оқушылар төбелесінің көп себебі бар. Тек себепті анықтап қана қоймай, оған сай әрекет жасай білуіміз керек.

Оқушы балаларға:

  • Ер бала қандай жағдай болмасын өзін қорғай алатындай дәрежеде болуы керек. Сондықтан міндетті түрде физикалық денсаулығыңызға мән беріңіз. Күш пен бойдағы сенімділікті арттыруға спорттық секциялар көмектеседі. Ал өзіне сенімді адам, агрессияға тек күшпен емес, сабырмен қарсы тұра алады.
  • Бірақ істің бәрі жұдырықпен шешілмейді. Әрдайым ситуацияға сәйкес әрекет жасау керек. Арадағы келіспеушілікті төбелессіз реттеп, сөзбен шешу – жақсы адамдарға тән қасиет. Сол себепті қай кезде бірден жұдырық ала жүгіру керек, қай кезде сөзбен шешу керек екенін ажыратып алыңыз. Боевик жанрындағы кинолардан көрген түрлі ситуацияны талдап көріңіз. Өзіңізді, тіпті, басты рөлдегі актердей сезініңіз.

Оқушының ата-анасына

  • Көп жағдайда оқушы мектептегілермен дұрыс тіл табыса алмаған кезде агрессия танытады. Осы кезде түрлі үйірмелер мен лагерьге барған жөн. Қоршаған орта адамды тәрбиелейді. Ал жаңа адамдарың жанында барлығын басынан бастау өте оңай.
  • Ер балаларды да түсінуге болады. Оларды үйдегі ата-анасының шамадан тыс бақылауы мезі етіп, мектепке барғанда өшін өзгелерден алуға мәжбүрлейді. Сондықтан ер балалардың ата-анасына әр қадамын бақылаудың қажеті жоқ. Бақыласаңыз да, білдірмеңіз дегіміз келеді.
  • Жеке басына қатысты мәселелерге өтпеңіз. Оқушы баланың әрекеті қате болса, өзін емес, жасаған әрекетін айыптау керек. Өзін ата-анасы балағаттап ұрысқанда, жаман сөздер айтқанда баланың көңіл-күйі бұзылып, айналасындағылардың бәрін жек көре бастайды.
  • Мұнымен қатар бала кішкентайынан ата-анасының ұрысып, бір-біріне қол көтергенін көріп өссе, есейгенде мұны қалыпты құбылыс деп ойлайды. Бұл жағдайды түзетуге психолог мамандар көмектеседі.
  • Бұдан өзге оқушының агрессивтілігіне достары да әсер етеді. Мұндайда мектеп ауыстырып, бұл достарынан алыстатпасқа амал жоқ.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Сырым Адиевтің жеке парақшасынан

Қ. Бүйенбай