Жігіттерге жылауды біз үйреттік

Жігіттерге жылауды біз үйреттік

Ата-анасы қиын-қыстау сәтте тез әрекет жасауды үйреткен жігіттер көз жасын сирек көрсетеді. Көбінесе мұндайда не істеу керектігін білмейтін жігіттер жылайды.

Бала жерге құлап тізесін жырып алды. Осы сәтте әжесі «Құлыншағым менің, келе қойшы, қатты ауырды ма?» деп алаңдайды. Өзімізге біреу жанашырлық танытып тұрған кезде жылағымыз келеді. Ал өздеріңіз білетіндей әйел адамдар қашан болмасын қамқорлық пен жанашырлық танытады. Алайда олар бұлай жасай беретін болса, ер азаматты емес, нәзік бойжеткенді тәрбиелеп шығады.

Зер салып қараңызшы, бала достарымен ойнап жүріп шалынып қалды. Артынша айналасында жақындарының жоқ екенін байқайды да ойынды жалғастыруға кіріседі.

Үлкендердің «жігіттер жыламайды» деген сөзі эмоцияның сыртқа шығуын тежеу емес, керісінше нағыз ер азаматты тәрбиелеудің бір түрі. Осыған байланысты әйел қауымы бала тас жүрек болып өседі деп ойлайды. Мысалы, ата-анасы баласына темір таяқпен төбелесуге болмайды десе, бұл шектеуге бола бала сал болып қалмайды. Бала міндетті түрде эмоционалды болуы тиіс, бірақ мұны өзіне жанашырлық танытқанын күтумен шатастырмаңыз.


Жақсы ата-ана «Егер саған көмек керек болса айт, біз саған міндетті түрде көмектесеміз. Бірақ сен жылай беретін болсаң, біз саған қалай қол ұшын созамыз? Жылауды қойып, не қалайтыныңды айт!» - дейді. Бұл ереже бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Және бала болашақта қиындықтарын ашып айтатын болады.

«Жылап ал, жеңілдейсің!» - деп нәзік жандыларға ғана айтқан жөн.

Алайда барлық ситуацияда бірдей әрекет етудің қажеті жоқ. Мысалы, кейбір жағдайлар жігіттің төбесіне «жай түскендей» әсер етіп, оны тығырыққа тірейді. Мұндайда әкесі жылаған баласын құшақтап, қолдау көрсеткені жөн. Жігіттер бірден есеймейді. Сондықтан олардан көп нәрсені талап етудің қажеті жоқ. Бар болғаны «Жігіттер жыламайды» деген бағытқа ақырын жылжып, қиын-қыстау кезеңде жылдам әрекет етуге үйрету керек. 

Жалғасы бар...

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Сырым Әдиевтің жеке парақшасынан 

Қ. Бүйенбай