- Негізгі бет
- Психология
- Тест: "Мен қандай...
Тест: "Мен қандай адаммын?"
Айналамызды бақылап, өзгелерге сын айту барлығымыздың қолымыздан келеді. Ал сол сынды өзімізге айта аламыз ба? Бұл тесттің көмегімен қоғам ортасында өзіңізді қалай ұстайтындығыңызды анықтауға болады. Мінезіңізді өзгертуге әлі де кеш емес.
1. Біреумен ренжісіп қалған соң, татуласудың жолдарын іздейсіз бе?
А) әрдайым деп айта алмаймын
Ә) кейде
Б) ешқашан
2. Өзіңізді оқыс оқиғаларға тап болған жағдайда қалай ұстайсыз?
А) іштей ұяламын
Ә) өте сабырлымын
Б) өзімді басқара алмай қаламын
3. Сізді достарыңыз бен сыныптастарыңыз қандай деп ойлайды?
А) өзіне барынша сенімді, өзгелерге қызғанышпен қарайды
Ә) кіммен болса да жылдам дос болатын
Б) қарапайым әрі тәуелсіз
4. Сізге бір мекемеде басшылық қызметін ұсынса, қандай әрекет жасайсыз?
А) іштей қорықсам да, міндетті түрде қабылдаймын
Ә) қуана отырып келісемін
Б) өмірімнің тыныштығын қамтамасыз ету үшін бас тартамын
5. Достарыңыз сізден рұқсат сұрамастан дәптеріңіздегі үй тапсырмасын көшіріп алса не істейсіз?
А) ұрысамын
Ә) қайтаруын талап етемін
Б) басқа ештеңе керек емес пе деп сұраймын
6. Ата-анаңыз жұмыстан көп уақытқа кешігіп келсе қалай қарсы аласыз?
А) не себепті кешіктіңіздер?
Ә) бұл уақытқа дейін қайда жүрдіңіздер?
Б) мен уайымдай бастайған едім...
7. Көліктің рөлінде отырсаңыз қандай әрекет жасайсыз?
А) алдыма шыққан көліктермен жарысамын
Ә) маған менен жылдам жүріп жатса да бәрібір
Б) ешкім жетіп алмауы үшін барынша жылдам жүруге тырысамын
8. Өзіңіздің өмірге деген көзқарасыңыз қандай деп ойлайсыз?
А) белгілі бір дәрежеде тепе-теңдік бар
Ә) жеңілтекпін
Б) тым қатыгезбін
9. Қолыңыздан келмейтін іске тап болсаңыз төмендегі әрекеттердің қайсысын орындайсыз?
А) кінәні өзгелерге артамын
Ә) көнемін
Б) келесі жолы сақ боламын
10. «Қазіргі жастар бұзылып барады» тақырыбында жазылған мақалаларға көзқарасыңыз қандай?
А) толықтай келісемін, қазіргі жастарға тыйым салуымыз керек
Ә) жастарға мәдени ошақтарға бару үшін жағдай жасау керек
Б) оларға көңіл бөлудің қажеті жоқ
11. Сіз армандап жүрген зат басқа біреуге берілсе қандай сезімде боласыз?
А) бұған сонша жүйкемді тоздырып нем бар еді?
Ә) маған қарағанда бұл адамға көбірек қажет болған шығар
Б) мүмкін келесі бірде алармын
12. Қорқынышты фильм көріп отырғанда қандай сезімде боласыз?
А) қорқамын
Ә) маған қызық емес
Б) ләззат аламын
13. Маңызды кездесуге бара жатып көлік бұзылып қалса не істейсіз?
А) кездесу барысында кешіккенім үшін қобалжып, ыңғайсызданамын
Ә) жолда болған жағдайды түсіндіруге тырысамын
Б) өкінемін
14. Спорт жаттығуларына көзқарасыңыз қандай?
А) біреумен жарысқан жағдайда міндетті түрде жеңуге тырысамын
Ә) спорт пен салауатты өмір салтын қолдаймын
Б) жеңіліс тапқан жағдайда қатты қапаланамын
15. Сізге дәмхана даяшылары ойдағыдай қызмет көрсетпеген жағдайда не істейсіз?
А) сыпайылық танытып, көз жұма қараймын
Ә) дәмхана басшылығына ескерту жасаймын
Б) шағым кітапшасын пайдаланамын
16. Мектепте біреулер қарындасыңызды немесе бауырыңызды ренжіткен болса, не істейсіз?
А) сынып жетекшісімен сөйлесемін
Ә) ренжіткен адамның ата-анасымен жанжалдасамын
Б) сыбағасын өзің бер деп кеңес айтамын
17. Сіз қандай адамсыз?
А) орташа мүмкіндіктері бар
Ә) өзіне сенімді
Б) жеңілтек
18. Есікте біреумен соқтығысып қалсаңыз?
А) кешір, бұл – менің кінәм
Ә) ештеңе етпейді
Б) көзіңе қарап жүрмейсің бе?
19. Ең сүйікті жануарыңыз қандай?
А) жолбарыс
Ә) үй мысығы
Б) қонжық
Жауабы:
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
А | 1 | 2 | 3 | 2 | 3 | 2 | 2 | 2 | 3 | 3 | 1 | 3 | 1 | 2 | 1 | 1 | 1 | 1 | 3 |
Ә | 2 | 1 | 2 | 3 | 2 | 3 | 1 | 1 | 2 | 1 | 2 | 2 | 3 | 3 | 3 | 2 | 3 | 3 | 2 |
Б | 3 | 3 | 1 | 1 | 1 | 1 | 3 | 3 | 1 | 2 | 3 | 1 | 2 | 1 | 2 | 3 | 2 | 2 | 1 |
Нұсқалардың ішінен дұрыс жауап таппаған жағдайда 0 ұпай деп есептеңіз.
34 ұпай және одан төмен
Өзіңізге, күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізге сенімсіздеу болғандықтан, бәрімен тату болғанды жақсы көресіз. Алайда бұны жағымпазданумен шатастырудың қажеті жоқ. Алайда шешім қабылдап үйренгеніңіз жөн. Қарапайым адамдардың сынына төзсеңіз де, жоғары жақтағылардың сынына төзе бермейсіз.
35-44 ұпай аралығы
Жеткен жетістіктеріңіздің көптігіне қарамастан, шамадан тыс ашуланшақсыз. Көп жағдайда себеппен айтылған сындарға ғана мән бересіз.
45 ұпай және одан жоғары
Ашуланшақсыз әрі айналаңызға қатыгезсіз. Алдыңызға мақсат қойсаңыз, өз күшіңізге ғана сенесіз. Өз жолыңызда өзгелерді құрбан қылуға дайынсыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: edu4u.gr
Қ. Бүйенбай