- Негізгі бет
- Психология
- Жұмыста өсек айтуға...
Жұмыста өсек айтуға бола ма?
HeadHunter зерттеу орталығы таяуда ғана сауалнама жүргізіп, адамның дұрыс жұмыс істеуіне кедергі болатын факторларды анықтады.
Нәтижесінде қызметкерлердің 39%-ы өзге әріптестерінің өсек-әңгімелерінен жақсы жұмыс істей алмайтындықтарын мәлімдеп отыр. Сондай-ақ, бітпейтін өтініш-тілектер мен кенеттен шыға келетін жиналыстар да кері әсерін тигізетіндігі анықталды.
Жемісті жұмыстың аяғынан шалатын әрекеттердің қатарында телефон қоңыраулар мен қатты шығатын күлкілер, отбасы, бала-шаға немесе жеке бастың мәселелері бар. Басқа адамдар интернеттің дұрыс ұстамауын, әлеуметтік желілердің көңілді бөлетіндігін айтып отыр. Одан қалса, кеңседегі жөндеу жұмыстары, иістер мен әріптестердің көңіл-күйі де бар.
Бір қызығы, қызметкерлердің 40%-ы осы кедергілерге үйреніп қалған екен және мән бермеуге тырысатын көрінеді. 12%-ы бұл кедергілер жұмыстан бір сәт бас алып, бойды сергітіп алуға жол ашады деп рақмет айтқан. Қалған 40%-ы жұмыс кезінде айтылатын өсектен, телефон қоңырауларынан шаршағандығын, құтылғысы келетіндіктерін айтып, шағымданады. Өйткені, көп адамдар көңіл бөлінгеннен кейін жарты сағат жұмысқа ене алмай отырады.
54% қызметкерлер осы кедергілер болмаса, жұмысты екі есе жақсы атқаратындықтарына сенімді.
Сондықтан да, жұмыс уақытысында өзге әріптестеріме зияным тимесін десеңіз, артық әрекеттерден аулақ болыңыз.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет:shkolazhizni.ru