Сөмке мен мінез

Сөмке мен мінез

Сөмке арулардың күнделікті өміріндегі маңызды зат. Қолайлы, үлкен, кішкентай, түрлі-түсті сөмкелер сіз жайлы қандай сыр аша алады?

Сөмкенің сыртына, пішініне, түсіне, маркасына ғана емес, оның ішіндегі заттарға да қарап, қожайынының мінезі жайлы білуге болады екен.

Іскер арудың сөмкесі 

Бизнес-арудың сөмкесінде әрқашан тәртіп пен тазалық болады. Оның ішінен бірнеше қалам, күнделік, дәптер, планшет не смартфон, кітап таба аласыз. Бұндай ару өз күшіне сенімді, батыл, мансап қуып, жетістікке жетуге ұмтылады, кәсібінде табысты болады.  

Ұқыпты қыздың сөмкесі

Мұндай сөмкеде өмірдің кез келген жағдайы үшін қажетті заттар табылады. Ине мен жіп, сулықтар, дәрі, шұлықтар және тағы басқа майда ұсақ-түйектер. Бұл сөмкенің қожайыны ұқыпты, епті, кез келген жағдайдан шығар жол таба алатын ару. 

Романтикалық қыздың сөмкесі  

Бұл сөмкенің ішінен табылмайтын зат болмайды әрі оның жартысынан көбі қажет емес артық заттар. Кеше барған киноның билеті, оқылып қойған журнал және сол сияқты қажет емес дүниелер. Мұндай ару армандауды жақсы көреді, өмірге жеңіл қарайды. 

Ұстамды қыздың сөмкесі                

Бұл сөмкенің ішінде артық еш зат жоқ. Кілттер, телефон, әмиян сынды ең керек заттар ғана салынатын сөмке өз иесін ұстамды, сабырлы қыз ретінде көрсетеді. Бұл ару өз ортасында лидер, ал жақындары мен достарына өте қамқоршыл болады. 

Тұрақсыз қыздың сөмкесі 

Осы сөмкедегі қажет емес заттардың көптігі сізді таң қалдыра алады. Ең қызығы бұл сөмкенің қожайыны өз сөмкесінің қандай жағдайда екенін толық түсінбейді. Өмірінде де ол тұрақты емес. Сүйікті жандармен оңайлықпен айырылысып, жаңа таныстармен оңайлықпен қауышады. 

Ал сіздің сөмкеңізде не бар? 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: jenzeny.cz

С. А