Суреттер: Жанат Ахметов
Дайындаған: Сания Аринова
Сайтымыздың аспазы - Жанат Ахметов тағы да өзінің мәзірін жолдады. Бүгінгі мәзір - салындысы бар картоп пісірмесі (запеканка).
Құрамы:
Картопты майда етіп турап, суда пісіреміз. | |
Одан езбе жасаймыз. | |
Езбеге жұмыртқа қосып, тұздап, араластырамыз. | |
Фарш пен пиязға тұз қосып, 15 минут шамасында баяу отта қуырамыз. | |
Табаққа езбенің жарты бөлігін салып, үстінен қуырылған фаршты саламыз. | |
Бетін қалған картоп езбесімен жауып, үстінен қалаған дәмдеуіштер, көк-шөп қосыңыз. Осылайша пісіру пешіне 40 минутқа қоямыз. | |
Картоп пісірмесі дайын. Астарыңыз дәмді болсын! |
Жанат Ахметовке мәзірі үшін рақмет айтамыз!
Суреттер: Жанат Ахметов
Дайындаған: Сания Аринова